Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық жас өрендер жүлделі оралды

Жамбылдық жас өрендер жүлделі оралды
Ашық дереккөз
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан «Щучинский» шипажайының базасында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары конкурсы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау танытуды мақсат еткен байқауға өңірімізден 17 жас зерттеуші қатысып, білім сайысына түсті. Нәтижесінде 10 оқушы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі дипломын 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын 8 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы Болат Әбілмансұр мен Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылдық орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұржан Нұртас ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Ал дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Бекнұр Тұрарбек пен Жібек Бердібек, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 3-сынып оқушысы Айбике Жамбылқызы, Жамбыл ауданындағы Амангелді орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қасымхан Жаңабай, Қордай ауданындағы О.Бөкей атындағы негізгі мектептің 4-сынып оқушысы Аяла Маясарова, Мойынқұм ауданындағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Нұрмұқасан Кәрібай, Қордай ауданындағы №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Бақдәулет Серік, Талас ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы Айым Әбдіхалық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

– Байқау біз үшін тәжірибе болды.Алдағы уақытта да осындай сындарға қатысуға үлкен мотивация алып қайттым. Ел көріп, жер көріп, жаңа достар да таптым. Осындай мүмкіндік берген мектеп басшылығына және мені қолдаған жақындарыма алғыс айтамын, – дейді байқау қатысушысы Жібек Бердібек.

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар