Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӨЗГЕ ДІНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӨЗГЕ ДІНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
ашық дереккөз
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӨЗГЕ ДІНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас мәселесі күрделі әрі жан-жақты. Адамзат баласының тарихы дін мен мемлекет арасындағы билік үшін күрес пен мемлекет пен дін арасындағы өзара тиімді ынтымақтастығымен көрініс табады. Айталық, тарихта түрлі мемлекеттік билікті қажет ететін одақтастықтар бар. Бірақ Қазақстан көпұлтты, көпэтносты мемлекет ретінде өмір сүретін этностардың Отанына айналды. Тиісінше діни конфессиялар арасындағы қарым-қатынас бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі бола алады. Бұл тұрғыда ислам дінінің өзге діни конфессиялармен қарым-қатынасы туралы айтпасқа болмас. Ислам пайда болғалы бері он төрт ғасырдың ішінде басқа діндермен өзінің қарым-қатынасын орнатып келеді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, VII ғасырдан бастап ислам діні өзінің географиялық орналасу аймағына сәйкес, сол елдімекен аумағында қоныстанған көрші иудейлермен, христиандармен, отқа табынушылармен және басқа да діни сенімдегі адамдармен бейбіт қарым-қатынас орнатқан. Бұл үш дінде Ыбырайым пайғамбар кезінде дәстүрлі діндер деп аталған. Яhудилер мен христиандар құранда «Кітап иелері» деп аталып, бірге өмір сүру дәстүрлері қалыптасқан. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) исламды қабылдаған мұсылмандармен бірге 622 жылы Мекке қаласынан Мәдина қаласына хижрет жасаған, яғни қоныс аударған. Қазір Қазақстандағы мәдени әртектіліктің жоғары деңгейі сақталып тұр. Олай дейтін себебіміз тұрғылықты халықтың полиэтносты және поликонфессионалды құрамы, әсіресе биэтностық және биконфессионалды құрылымның басымдылығы ұлтаралық және дінаралық татулық саясатын ұстануға мәжбүрлейді. – Жалпы Жамбыл облысында мұсылмандар мен христиандар көптеп шоғырланған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір ғана сунниттік бағыттағы «ханафи мазхабына» жол береді. Христиан бағытындағы діни конфессиялар да бар. Ол ең бірінші православ. Ислам дінінен кейін басым көпшілігі осы діни бағытты ұстанады. Одан кейін католик шіркеуі бар. Тарихта Мартин Лютер Кинг сияқты азаматтар бар. Солардың бастауымен осы католик шіркеуіне қарсы шыққан протестанттар бар. Бірақ олардың ішінде түрлі бағыттар бар. Неохристиандық бағыттар деп аталады. Жамбыл облысында осы бағыттарға тіркелгендер бар. Жалпы Қазақстан зайырлы мемлекет. Еліміздің ұстанған саясаты осындай болғандықтан қазіргі таңда өңірдегі діни конфессиялар болсын, оның өкілдері де бір-біріне толеранттық қөзақараспен қарайды. Өйткені, басым бөлігі “Кітап иелері” деп аталатын діни конфессияларға жатады, - дейді теолог Әбілқайыр Сабырұлы. Жалпы қазіргі таңда басым бөлігін мұсылмандар қамтитын Қазақстанда  христиандар сияқты діни конфессиялар ешбір қысым көрместен, мұсылмандармен бейбіт қарым-қатынаста орнатып келеді. Татулықты ту еткен. Расында да кез-келген дін конфессиялар секілді ислам діні де басқа діндерге құрметпен қарайтыны жасырын емес. Дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына мен материалдық жағдайына қарап бөлінбейді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар