Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қызыләуіт қарқынды дамуда

Қызыләуіт қарқынды дамуда
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Гарифулла Байкенжеев баспасөз мәслихатын өткізді.

 Гарифулла Тоғайбекұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.Баяндамашының айтуынша, өткен жылы аймақта жүйелі жұмыстар атқарылып, әр сала бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген.

Жалпы ауылдық округ бойынша 325 отбасы, 2 219 халық тұрады. Қазіргі таңда елді мекенде 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 80 шаруа қожалық жұмыс істеп тұрғанын айтқан Гарифулла Тоғайбекұлы ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Ауылдық округтің жер көлемі – 88 876 гектар. Талдай айтсақ, егістік жер – 1 198 гектар, шабындық жер – 2 561 гектар, жайылымдық жер – 70 069 гектар. Жеке қосалқы шаруашылық жерлері – 6 669 гектар. Өткен жылы ауылдық округ бойынша игерілген егіс көлемі 1 002 гектарды құрады.

2024 жылдың бірінші қаңтарындығы статистикалық есеп бойынша ауылда 2 374 мүйізді ірі қара, 29 694 қой-ешкі, 1 282 жылқы, 330 түйе, 907 үй құсы тіркелген. Биылғы жылы 16 418 тонна мал азығы 103 пайызға артығымен дайындалды. Жыл санап ауылдық округте мал саны өсіп келеді. Қазіргі таңда ауылда көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүргізілуде, – деген Гарифулла Тоғайбекұлы келесі кезекте ауыл тұрғындарының игілігі үшін атқарылған жұмыстарды баяндады.

Өткен жылы Қызыләуіт ауылының кіреберіс жолына 220 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыл халқы көптен күткен көгілдір отын Қызыләуіт және Ақтөбе ауылдарына кіргізіліпті. Қотырәуіт суқоймасы күрделі жөндеуден өтіпті.

Сонымен қатар «Жомарт түлек» жобасы бойынша 2013 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен Қызыләуіт және Қаратау төте жолына көпір орнатылса, 2003 жылғы түлектердің қаржылай көмегімен мешіт ауласына «жабылмалы» ғимарат салыныпты. Брифинг соңында Гарифулла Байкенжеев алдағы жоспарлармен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

                                                                          Шапағат Әбдір 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар