Нан бағасы неге қымбаттады?
Тараз қаласында нан 120 теңгеге қымбаттады. Өнімнің не себепті қымбаттағанын облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев түсіндірді.
– Бүгінгі таңда қала бойынша 93 дүкенде нан 100 теңгеден сатылып жатыр. Әкімдік қадағалауды тоқтатқан жоқ. Дегенмен бүгінгі күні экономикалық өсу барысында наубайханаларда модернизация жүргізілуде, сондай-ақ онда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалақы мәселесі де бар. Өздерінің даму сатысына шығу үшін осындай шешім қабылданды. Біз қала аумағында белгілі 93 дүкенде бүгінгі күнде нанның бағасын ұстаймыз, – деді А. Сейсебаев.
Дегенмен спикер ұнның бағасы төмендеген жағдайда, заң аясында монополия және сауда заңы аясында нарықта да нанның бағасы төмендейтінін жеткізді.
Келесі мақала