Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Аuto Seller»-ді ұйымдастырушылар сотталды

«Аuto Seller»-ді ұйымдастырушылар сотталды
ашық дереккөз
«Аuto Seller»-ді ұйымдастырушылар сотталды
Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аталған фактіні ҚМА аумақтық департаменті тергеді. 2022 жылдың наурыз айында Д.И.Дәулетов, А.Т.Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А.Құдасов, О.Б.Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ «Аuto Seller» ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған. «Аuto Seller» ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20 пайызға қымбат сатып алуды ұсынған. Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды. Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 миллион теңгені құрады. Сот Д.И.Дәулетовті 9 жылға, А.Т.Жанасаевты 8 жылға, К.А.Құдасовты 7 жылға және О.Б.Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар