Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖК-OTAU KZ» 450 миллион теңге шығын келтірген

«ЖК-OTAU KZ» 450 миллион теңге шығын келтірген
ашық дереккөз
«ЖК-OTAU KZ» 450 миллион теңге шығын келтірген
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЖК-OTAU KZ» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Құрметті азаматтар! Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар