Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қорғаныс қауіпсіздігі қаралды

Қорғаныс қауіпсіздігі қаралды
ашық дереккөз
Қорғаныс қауіпсіздігі қаралды
Жақында Тараз гарнизоны әскери полиция басқармасы басшылығының бастамасымен әскери қызметті ұйымдастыру және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті. Кездесуге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – әскерлер штабының бастығы, полковник Нұрлан Кәрібаев, Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері мен штаб бастықтары, сондай-ақ олардың бөлімдерінде әскерлердің қызметін ұйымдастыруға жауапты лауазымды мамандар қатысты. Кездесуде әскери қызметке қатысты өзекті мәселелер қаралды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – әскерлер штабының бастығы полковник Нұрлан Кәрібаевтың сөзінше, әскердегі ережелер мен нұсқауларды қатаң сақтау маңызды міндет екенін әрбір әскери қызметші біледі. – Лауазымдық міндеттер барлық қызметкерлердің арасында нақты әрі біркелкі бөлініп, әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын болса, орнаған жүйеде олқылық орын алмайды. Сондықтан да біз жоғары жауынгерлік әзірлікті, тәртіп пен ережені қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жиі өткізуге жіті көңіл бөлеміз, – дейді Н.Кәрібаев. Әскери қызмет бастықтарының қызмет аясы кең әрі ауқымды мәселелерді қамтиды. Оларға ішкі тәртіпті ұйымдастыру және сақтау, тәртіптің қатаң орындалуын қадағалау, дайындықтардың орындалуын тексеру кіреді. Тіпті әскери қызметшілердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау – әскерилердің қызметін ұйымдастыруға жауапты офицерлердің міндеті. Жиын барысында тәуліктік кезекшілікті ұйымдастыру мәселесіне мұқият қарау қажеттігі де сөз болды. ҚР Қарулы Күштерінің ережелерін, заңдарын және жалпы әскери жарғыларын сақтаумен қатар, күнделікті кезекшілікке кіретін әскери қызметшілерді дұрыс іріктеу және орналастыру маңызды екені баса айтылды. – Тәуліктік кезекшілік кезінде заңбұзушылықтардың алдын алу – біздің ортақ міндетіміз. Бөлімшелердегі істің жай-күйін тұрақты түрде қадағалап, әскери тәртіпті, тәуліктік және кезекшілік тәртібін бұзудың алдын алу және уақытылы шаралар қабылдау маңызды, – дейді Тараз гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Жолдасов. Жиынның негізгі тақырыбымен қатар, басқосуда бүгінгі күні ҚР Қарулы Күштерінде өтіп жатқан «Қауіпсіз қыс» айлығының талаптары талқыланды. Аталмыш айлық аясында бөлімшелер қысқы маусымда әскери қызметкерлердің жарақаттануының алдын алуға назар аударуы керек. Тараз гарнизоны әскери полиция басқармасы, әскери қызмет ұйымын бақылау бөлімінің бастығы, майор Нұрлан Қолдасовтың айтуынша, профилактикалық іс-шаралар аясында әскери бөлімнің аумағын, ғимараттардың шатырын қардан, мұздан тазарту жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру әскери қызметтің қауіпсіздігін және жалпы әскери қызмет көрсеткіштерін арттырады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар