Жолданымдардың қаралуы бойынша жиын өтті
Облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаевтың төрағалығымен және ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы С.Бүркітбаевтың қатысуымен жолданымдармен жұмыс деңгейін және қарау сапасын жоғарылату мақсатында кеңес өтті.
Кеңеске Тараз қаласы мен аудан әкімдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.
Жолданымдарды қарау барысында орын алып отырған проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланып, сапасын арттыру жөніндегі шаралар бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес жолданымдардың мерзімін бұзу фактілерін болдырмауды, толыққанды жауап беруде сапасын қадағалауды қатаң бақылау бойынша хаттамалық тапсырма берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала