Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл тұрғыны әйелі мен 4 баласын үйінен қуып шықты

Жамбыл тұрғыны әйелі мен 4 баласын үйінен қуып шықты
ашық дереккөз
Жамбыл тұрғыны әйелі мен 4 баласын үйінен қуып шықты
Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде әйелі мен төрт баласын үйінен қуып шыққан. Сол себепті олар дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр. Бұл туралы бүгін Ішкі Істер министрлігінің апталық брифингде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Ішкі істер министрлігі 15-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырған. Қазақстанның түпкір-түпкірінде полиция тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама алған. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтаған. Іс жүзінде агрессорлардың барлығы немесе 95% әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай оқиғаның бірі Жамбыл облысында тіркелген.
«Жамбыл облысында мас күйеуі жанжал шығарып, әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып жіберген. Балалары бар әйел дағдарыс орталығына орналастырылды, ал «агрессор» 15 тәулікке қамауға алынды», – дейді Ақмарал Серікбаева.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар