Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда көктайғақ, тұман күтіледі

Жамбылда көктайғақ, тұман күтіледі
ашық дереккөз
Жамбылда көктайғақ, тұман күтіледі
Жамбыл облысының оңтүстігінде 29-31 қаңтар аралығында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Arainfo тілшісі "Қазгидромет" РМК филиалының дауылдық ескертуіне сілтеме жасап. Ақпаратқа сәйкес, 29 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 29-31 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 29-31 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде 29 қаңтарда, тәулік бойы 30-31 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ. 29-30 қаңтарда түнде және таңертен тұман күтіледі. 29-30 қаңтарда кей уақытта көктайғақ күтіледі. 30-31 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 30 қаңтарда, тәулік бойы 31 қаңтарда кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Дәрмен» тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылғанын естеріңізге саламыз.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар