Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАТЕ ЖАЗЫП, ШҰБАРЛАП СӨЙЛЕУ – БІЛІМСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ

ҚАТЕ ЖАЗЫП, ШҰБАРЛАП СӨЙЛЕУ – БІЛІМСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ
ашық дереккөз
ҚАТЕ ЖАЗЫП, ШҰБАРЛАП СӨЙЛЕУ – БІЛІМСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ
Халық даналығында «Тіл тазалығы – жан тазалығы» деген сөз бар. Ауыздан шыққан әрбір сөз сол адамның жанының қандай екенінен хабар береді. Сондықтан сөйлегенде тіл тазалығын сақтап, жазуда да қатеге жол бермеу ең әуелі өзін құрметтеумен ұлтын, халқын және өзгелерді қадірлейтін, нағыз білімді, кісілікті көрсетеді. Алайда қалың жұрт ішінде мемлекеттік тілімізді бұрмалап сөйлеу де, аударманы дұрыс жеткізбеудің салдарынан өрескел қателер де кетіп жатады. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасы жұмыс жүргізіп отыр. Бір айта кетерлігі басқарма тексеру жүргізіп, қате жібергендерге талап қойып, жаза кесе алмайды. Тек әдістемелік көмек қана көрсетеді. АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ Облыста тіл саясатын жүзеге асыру бағытында басқарма тарапынан 3 бағыт бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. «Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту» бағыты бойынша жетілдірілген латын негізді қазақ тілі әліпбиінің құрамы мен мазмұнын, емле ережелерін таныстыру мақсатында «Тегімізді дұрыс жаза білейік!» атты латын графикасында тегі мен есімдерін дұрыс жазу акциясы, білім беру мекемелерінде «Latynşa oqy, jaz» атты семинарлар сериясы, Ашық есік күні ұйымдастырылды. «Tarazlatyn» ақпараттық инста-парақшасында «JAÑA ÄLIPBI» айдарымен 34 постер жетілдірілген әліпбиді меңгерту, оқу дағдысын қалыптастыру үшін латын графикасында қазақ ақын-жазушыларының қанатты сөздері, ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген 3 бейнеролик жарияланды. 2-бағыт – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту негізінде де ауыз толтырып айтарлықтай іс жасалды. Өңірде тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында жыл басынан түрлі форматтағы 198 іс-шара ұйымдастырылып, оған облыс бойынша 10 мыңға жуық адам тартылды. Мысалы, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл – достықтың тірегі» атты байқау, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Қазақ тілі – ғажап тіл» атты тіл фестивалі, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында эссе жазу, «А.Байтұрсынұлы оқулары – 2022» байқау, Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай «Дана тұлға, дара тұлға» ашық сабақтар желісі, «Тіл – қарым-қатынастың алтын көпірі» халықаралық және «А.Байтұрсынұлы: Тәуелсіздік және қазақ тілі» республикалық конференция, аудандарда «Если дружат люди – дружат языки» тақырыбында эссе жазу, Шу ауданында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытудағы өзекті мәселелер» атты облыстық семинар-тренинг, «Техникалық салада мемлекеттік тілдің қолдану деңгейін көтеру» тақырыбында семинар, «Қазақшаң қалай, балақай?» атты акция өткізілді. Мемлекеттік және ана тілдерін, яғни түрік тілін үйренуге ниет білдірген азаматтар мен оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытудағы өзекті мәселелер» атты облыстық семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке 60-тан аса адам қатысты. Сонымен қатар өңірде шағын және орта бизнес объектілерінде, сауда орындарында және халыққа жаппай қызмет көрсететін мекемелерде «Тіл туралы» Заңның талаптарын түсіндіру мақсатында барлығы 86 кездесу өтті. Онда мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер таратылды. Қысқамерзімді «Тілашар» оқу курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 8 жеке нотариусқа барып, онда нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде қазақ тілін қолдану міндетті және басымдылық барынша мемлекеттік тілге берілуі тиіс екендігі түсіндірілді. Мемлекеттік тілді өз бетінше меңгеруге жағдай жасау мақсатында 16 сабақтан тұратын мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде үйренуге арналған «QazOnline» мобильді қосымшасы әзірленіп, аудандар мен Тараз қаласында тұсаукесері өткізілді. Қосымшаны кез келген ауыл, қала тұрғыны «Play Market» қосымшасы арқылы ұялы телефонына жүктеп алып, пайдалануына болады. Сонымен қатар тілдік орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қазақ тілі мен ағылшын тілі тыңдаушыларының «SŐİLE» және «RELAX AND LEARN» клубтарының ай сайынғы өткен 76 отырысына 894 тіл үйренуші қатысты. Үшінші – Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту бағытымен ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқу курстарының санын арттырудың жол картасы әзірленіп, мемлекеттік тілді үйренушілер санын 4 мың адамға жеткізу жоспарлануда. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатындағы іс-шараларға ағымдағы жылдың І жартыжылдығында екі мыңға жуық азамат қатысты. Биылғы І жартыжылдық қорытындысымен үш тіл бойынша барлығы 2 541 тыңдаушы тегін оқу курстарымен қамтылса, 142 топ тегін курстан өтті. Оның ішінде 91 пайызы өзге ұлт (1 655) өкілдері. «Сауаттылық Time» жобасы бойынша қазақ тіліндегі терминдер мен сөз тіркестерінің, көне, ескі кітаби сөздердің дұрыс жазылу емлесін көрсету бойынша 99 сөз жарияланды. «Тermindi Вil» жобасы бойынша қазіргі қолданыстағы термин сөздердің соңғы бекітілген нұсқасын көрсету мақсатында 56 сөз жарияланды. «Til Bailyq» жобасы бойынша тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінуі, әлеуметтік желі қолданушыларының сөздік қорын молайту, сөз мағынасын ұғындыру мақсатында 52 синоним сөздер жарияланды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «ŪlT ŪSTAZY» айдарымен #ūltūstazy #derekter #pikirler хештегтерімен 10 (видео) ақпараттық постер жарияланды. 2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында тіл саясатын іске асыру барысын ақпараттандыру мақсатында ақпарат құралдарында 118 материал (республикалық – 6, облыстық – 29, аудандық және қалалық – 83) жарық көріп, әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда 1 292 материал жарияланды. Жалпы, 1 410 материал жарық көрді. НӘТИЖЕ КӨҢІЛ ТОЛАРЛЫҚТАЙ Тілге қажеттілік туғызудың бірінші жолы әрине, әр азаматтың тілді үйренуге деген құлшынысын ояту, жағдай туғызу, орта қалыптастыру, патриоттық рухын, сүйіспеншілігін арттыру екені белгілі. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 92 пайызды құрады. Жалпы, облыс халқының 73,08 пайызы қазақ, 26,92 пайызы өзге этнос өкілдері болса, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерінің үлесі 74,9 пайызға жетті. Ең алдымен мемлекеттік тілде білім, тәрбие беретін білім мекемелерінің желісін арттыру арқылы – мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге қол жеткіземіз деп айтсақ қателеспейміз. Бүгінгі таңда облыста жұмыс атқаратын 562 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 445-і (79,2 пайыз) қазақ тілінде, 101-і (18 пайыз) аралас, 16-сы (2,9 пайыз) орыс тілінде тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 85 пайызы мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен мемлекеттік тілде оқитын оқушылар саны да жыл сайын өсуде. Облыстағы 444 мектептің 310-ы (70 пайыз) қазақ тілінде, 126-сы (28 пайыз) аралас тілдерде, 8-і (3,4 пайыз) орыс тілінде білім беруде. Өткен жылмен салыстырғанда орыс тілінде білім беретін мектептер саны 3-ке кеміген. Облыс мектептерінде оқитын оқушылардың 77 пайызы қазақ тілінде, 23 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы өзбек тілінде білім алуда. Ал облыста ересектерді мемлекеттік тілге тегін оқыту жұмыстарын Тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тіл оқыту орталығы, оның 8 аудандағы филиалдары жүйелі негізде ұйымдастыруда. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қордай ауданында дербес тіл оқыту орталығы жұмыс жасайды. Соңғы үш жылда қазақ тілін оқуға ынта білдірушілер саны артуда. 2019 жылы 1465 адам оқытылса, былтыр 3362 адам оқытылды. Жалпы, мемлекеттік тілді меңгеруде этнос өкілдерінің белсенділігі жоғары, 88,4 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың І жартыжылдықта үш тіл бойынша барлығы 2541 тыңдаушы тегін оқу курстарына қамтылса, мемлекеттік тілді үйрену курсынан 1802 тыңдаушы өтті. Оның ішінде 91 пайызы өзге ұлт (1655) өкілдері. Орыс тілін оқу курстарына 122 тыңдаушы, ағылшын тілін үйрету курстарына 617 тыңдаушы қамтылды. Қазақ тілінің және ұлттық құндылықтар мен озық дәстүрлердің қоғамдағы рөлін арттыру бағытындағы шараларға биылғы жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері тартылуда. Этностар тығыз шоғырланған 7 ауданда кездесу өткізілді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының өкілдерін және тіл жанашырлары мен қоғам белсенділерін тарта отырып халыққа қызмет көрсететін әуежай мен теміржолда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалында, «ҚР Ұлттық банкінің» облыстық филиалы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, Халықаралық Тараз инновациялық институтында, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, Тараз қаласындағы 10 мектеп, 15 балабақшада этникалық және тілдік түсінбеушілікке жол бермеу мақсатында 35 мекемеде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының 7 аудандық бөлімшелері мен 35 бастауыш ұйымы ашылды. Өңірде ҮЕҰ өкілдері мен тіл жанашырларынан құрылған арнайы топ ірі сауда орындары мен шағын және орта бизнес саласында, азаматтар жаппай баратын нысандарда тілдік дискриминацияға жол бермеу және халыққа мемлекеттік тілде қажетті әрі сапалы қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету және әдістемелік көмек көрсету мақсатында 86 акция өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция аясында мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер таратылды. Мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген азаматтар үшін қысқамерзімді «Тілашар» оқу курстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар жеке нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ұсыну мәселесі бойынша Жамбыл облыстық нотариаттық палатасымен бірлесіп облыста тіркелген жалпы 118 нотариустың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда нотариустарға мемлекеттік тілде қызмет көрсету, нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік тілге басымдық беру мәселелері мен тиісті заң талаптары түсіндіріліп, тіл мамандары тарапынан әдістемелік көмектер көрсетілді. Сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету, нотариустар арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында аудандар мен Тараз қаласында «Менімен қазақша сөйлес!» тақырыбында 32 акция өткізілді. Акция аясында жеке нотариустарға мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер, «Қазақ тілін оқып үйренуге арналған тиімді платформалар жиынтығы» брошюрасы, «Отбасында қазақ тілін үйренеміз!» тілашар сөздігі таратылды. Кездесулерге тіл жанашырлары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тартылды. Басқарма тарапынан мемлекеттік тілдің сауатты әрі дұрыс қолданылуын қадағалау мақсатында мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жойып, ресми сайттардағы мемлекеттік тілде жарияланған ақпараттардың сапасыз аудармаларын, орфографиялық және стилистикалық қателерді түзету мақсатында облыс әкімдігінің басқармалары мен аудан, Тараз қаласы әкімдіктерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Ресми сайт: сауаттылық негіздері» атты семинар өткізілді. Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу, оларды болдырмау, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшыларының арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ақпарат порталындағы сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар тоқсан сайын облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне де мониторинг жүргізіліп тұрады. Есепті мерзімде облыстық және жергілікті атқарушы органдардың шығыс құжаттарындағы қазақ тілінің үлесі 98,9 пайызды құрады. Өңірде тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында жыл басынан түрлі форматтағы 198 іс-шара ұйымдастырылып, оған облыс бойынша 10000-ға жуық адам тартылды. Мұның бәрі де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл саясатында заң талаптарын сақтап, тіл үйренуге ниеттілерге барынша көмек көрсету үшін жасалуда. Әйткенмен әлі де болса қоғамдық орындарда қате жазбалар кездеседі. Ондай кемшіліктерді барша жұрт болып жұмыла жұмыс істегенде ғана жоя аламыз. Сондықтан барша отандастарды ортақ мүддеге үлес қосуға шақырамын.

Мөлдір АХМЕТОВА, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар