Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
ашық дереккөз
Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселені көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы Сұлутөр ауылының тұрғыны ауыл халқының басты мәселесіне айналған көше жарығы мен қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Тағы бір Жамбыл ауданының тұрғыны Оңласын Әубәкіров ауылшаруашылығын дамыту бойынша өз жобасымен бөлісіп, кәсібіне ықпал етуін сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек, баспана алу, қайтарымсыз грантқа қатысу сынды мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтінішті жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар