Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар атқарылады

Әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар атқарылады
ашық дереккөз
Әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар атқарылады
Облыс әкімі көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналармен кездесті. Олар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалға берілетін пәтерлерді бөлу, кезекте тұрғандардың жай-күйі, «Отбасы банк» облыстық филиалының жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы аналардың барлық өтініштері бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын, әрбір отбасы үшін қолдау тетіктері қаралатынын және жан-жақты түсініктемелер берілетінін атап өтті. Облыс әкімі Тараз қаласының басшылығына және облыстық басқармаларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев облыстағы тұрғын үй құрылысының жоспары туралы ақпараттарды жедел ұсынуды, облыс әкімдігінің қызметкерлеріне ай сайын азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек, «Отбасы банк» басшылығы өтініш иелерін қабылдап, олардың мәселелері бойынша толыққанды түсіндіру шараларын жүргізеді. Аймақ басшысы тұрғын үй кезегінде тұрғандарды нақтылау шараларын ағымдағы жылдың наурыз айына дейін аяқтау қажеттігін баса айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар