Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жалған шот-фактура жақсылық әкелмеді

Жалған шот-фактура жақсылық әкелмеді
ашық дереккөз
Жалған шот-фактура жақсылық әкелмеді
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды «қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен» және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады. Анықталғандай, топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз «қолма-қол ақша түрінде шығарып берген». Бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 миллиард теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген. Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар