Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр

Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр
ашық дереккөз
Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев іргелі басылымдардың бірі «Egemen Qazaqstan» газетіне кең көлемді сұхбат берді. Сұхбат қазір қоғамның талқылауында жүр. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы сұхбатында биыл еліміздің алдында қандай міндеттер тұрғанын айтты. Әрі былтыр атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы айтқан. Зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейетінін мәлімдеп, атом электр стансасын салу мәселесіне кезекті рет тоқталған. Одан бөлек еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайға да аса мән беріп отыр. Ұлттық құрылтайдың отырыстары идеология саласындағы мәселелерді, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайын талқылайтын тиімді пікірталас орнына айналғанын айтты. Бұған дейін жаз айында шақырылып келе жатқан Құрылтайдың отырысы осы жылы көктемде өтетінін мәлім қылды. Осылайша биыл экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негізгі бағыт-бағдары бірінші тоқсанда-ақ айқындалады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі жалғасатынын сөз етті. Сұхбатта Мемлекет басшысының мына бір тезисі ұнады: «Біздің бұрын кім болғанымыздан қазір кім екеніміз, ең бастысы, болашақта кім болатынымыз әлдеқайда маңызды». Президент осы сөздері арқылы ел болашағы жастардың қолында екенін меңзейді. Біз, қазіргі жастар кез келген өзгеріске бейімделуіміз керек. Президент айтқандай, біз көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болғанымыз шарт.

Әлихан Нарегеев, облыстық жастар ресурстық орталығы медиа және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар