Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты
ашық дереккөз
Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды. Бұл туралы Arainfo.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мәліметінше, "Рисала Мират әл Кулуб" кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба "Диуани хикметке" қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде. "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды іздеп табудың әртүрлі жолдарын қолдануда. Соның бірі - көне қолжазбалар мен сирек кітаптардың, карталардың электронды нұсқаларын интернет жүйесінен іздестіру жұмыстары. Қазақстан тарихына қатысты өте маңызды деген бағалы жазба деректердің көшірмелері шетелдік сайттардан анықталып, факсимильді көшірмелері жасалады", - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Абсалықов.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар