Таразда робот сот орындаушысы іске қосылды
Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.
Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.
Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:
- Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді;
- Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SMS хабарлама жібереді;
- Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады;
- Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.
Келесі мақала
Тина Канделакидың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы стипендияны беру туралы өкімге қол қойды
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
«Тараз» футбол клубы Шерхан Қалмырзаға ресми ұсыныс жасамақ
- авторAR-AY
- 31 желтоқсан, 2025




