
Тина Канделакидың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деді, - деп хабарлады arainfo.kz тілшісі zakonkz_kaz-ға сілтеме жасап
«Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кірмейді», – деді ол.
Бұған дейін Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқаны жайында шулы мәлімдеме жасаған болатын.
Келесі мақала
Шағбан айы 2024 жылы қашан басталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ел тұрғындарының 40 пайыздан астамы спортпен жүйелі түрде шұғылданады
- авторAR-AY
- 30 маусым, 2025