Айқын мақсат алға бастайды
Облыс әкімінің бастамасымен аудан әкімдерінің орынбасарлары өңірге инвесторлар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу бағытында оқытудан өтті.
Екінші рет өтіп отырған шара Шу ауданында ұйымдастырылды. Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыров аудан әкімдерінің орынбасарларына инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес-жоспар құру, тауашалық жобаны анықтау, Жамбыл облысының әлеуеті, аудандардың инвестициялық картасын әзірлеу, KPI және аудандардың рейтингісі бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының директоры Арыстанбек Сағиев жиналғандарға өз презентациясын ұсынып, инвесторлармен жұмыс жүргізудегі мәмілелер мен мәселелер жөнінде талқылады.
Жиыннан кейін қатысушылар аумағы 505 гектар болатын «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аумағын аралап, өндіріс орындарының бүгінгі аяқ алысымен танысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024