Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді
2023 жылы көпбалалы отбасылар 413 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Araainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
2023 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 543,3 мың отбасы жалпы сомасы 413,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 570,5 мың отбасына 36,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы: - 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге; - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.
Келесі мақала
Мемлекеттік қызмет қателікті кешірмейді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024