Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СТУДЕНТТЕР ҮШІН НЕСИЕ 10 ЖЫЛҒА БЕРІЛЕДІ

СТУДЕНТТЕР  ҮШІН НЕСИЕ 10 ЖЫЛҒА БЕРІЛЕДІ
ашық дереккөз
СТУДЕНТТЕР ҮШІН НЕСИЕ 10 ЖЫЛҒА БЕРІЛЕДІ
Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларының жаңа ережелерін ұсынды. Жаңа заң жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Заң жобасы қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады. Заңға сәйкес, несие ұлттық валютамен және 10 жыл мерзімге беріледі. Аталған несие түрінің бұған дейін «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының жүйесімен екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келген несиеден бірқатар айырмашылығы бар. «Кредит студенттердің бәріне бірдей берілмейді. Бірқатар талап бар. Мәселен, несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті бір азаматының кепіл болуы тиіс (егер студент жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, бұл талап міндетті емес). Сонымен бірге оқу құнының кемінде 10 пайыз мөлшерінде жинағының барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шартының болуы қажет. Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен оны төлеу жоғары оқу орнын бітірген соң емес, оқу кезінде, яғни несие берілген айдан кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса, несиені төлеу уақыты шегеріледі. Несие беру 100 пайыз мемлекеттік ұйым арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жобада бұл ұйымның атауы нақтыланбаған», деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар