Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бектөбе ауылындағы қуаныш

Бектөбе ауылындағы қуаныш
ашық дереккөз
Бектөбе ауылындағы қуаныш
Жамбыл ауданының Бектөбе ауылында «Әліш» атындағы мектеп-гимназия пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған білім ордасы екі ауысымда 325 оқушыны қабылдай алады. Мектептің ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған Нұржан Сәбитұлы облысымызда білім саласындағы жетістіктерді сөз етіп, бектөбеліктерді құттықтады. Жаңа нысанның лентасын ауыл қариялары қиып, ақ батасын берді. Білім ордасының еңсе тіктеуіне Рүстем Әлішұлы мен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әбдінұр Асылбеков ұйытқы болды. Мектептің ерекшелігі – білім беру стандартының соңғы үлгісі негізінде салынған. Ғимараттың іші кең әрі жарық. Ең бастысы, әр кабинет қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Оқушылардың білімімен қатар денсаулығына да көңіл бөлу мақсатында әр сыныпқа ортопедтік парта қойылған. Жалпы 2 лингафондық және 6 интерактивті тақталы кабинет бар. Мектепке қабылданатын оқушыларға жалпы стандарттық білім беру бағдарламасы бойынша ақысыз білім беріледі. Сонымен қатар ата-аналарға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін сабақтан тыс қосымшалар құрылған. Оқушылар түрлі спорттық үйірмелерге, тілдік курстарға, шығармашылық- жаратылыстану бағытындағы секцияларға қатыса алады. Мектеп-гимназияда математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Айта кетейік, Қаратөбе ауылдық округінде 5 000 тұрғын бар. Ауылда бір ғана Амангелді орта мектебі орналасқан. 640 оқушыға арналған білім беру мекемесінде қазіргі таңда 970 бала білім алуда. Ауылдағы демографиялық өсімге байланысты жаңа мектеп ел игілігіне қызмет етпек. Нұржан Сәбитұлы ауыл азаматтарымен бірге білім ордасын аралап шықты.

Айжан Өзбекова

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар