Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрақтылықты сақтаудың маңызы зор

Тұрақтылықты сақтаудың маңызы зор
ашық дереккөз
Тұрақтылықты сақтаудың маңызы зор
Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси әрі мәдени-рухани мәселелерге қатысты тың ойлар айтылды. Әлемдегі Қазақстанның орны, алпауыт елдермен қарым-қатынасы сөз болды. Қазақтай тыныш жатқан елдің геосаяси жағдайы алдағы уақытта қандай болатыны қаперге алынды. Нағыз дипломат басшы ретінде Президент алмағайып заманда ел тыныштығын сақтауды, тұрақтылық пен дамуды, жаңғыруды көздейтінін айтып өтті. Өз басым кәсіп жүргізу үшін де, талай игі істі атқару үшін де бейбітшілікті, адалдықты, адамдықты қолдаймын. Сұхбатта айтылған мәселелер өте өзекті. Осындай еркін сұхбаттар халыққа керек. Ашықтық, салық, жаңа Бюджет кодексі туралы да жақсы жеткізді. Салыққа адал болсақ, пайдасы өзімізге тиеді. Жасырын бизнес болмауы керек. Халықтың қазынасына ортақтаспау маңызды. Шағын кәсіп пе, орта кәсіп пе, барлығы да салықтан жалтармауы тиіс. Бұл көлеңкелі бизнестің жолын кесуге арналған оңды қадам. Сембек СЕЙДӘЗІМОВ, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар