Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еңбекқорлық қоғамды алға жетелейді

Еңбекқорлық қоғамды алға жетелейді
ашық дереккөз
Еңбекқорлық қоғамды алға жетелейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында ел көңілін тыныштандыратын, адамға терең ой салатын мәселелер көтерілген. Онда елімізде орын алған Қаңтар оқиғасына да байыпты баға беріліп, ел экономикасы да терең қаузалған. Қымбатшылық пен тарифтердің өсуі, «жасыл» экономика мәселесі, елдің несиеге белшеден батуы, зорлық-зомбылық, геосаяси жағдай, мемлекетіміздің шетелмен қарым-қатынасы секілді мәселелер назардан тыс қалмаған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы: «Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс. Сондай-ақ өмірге деген байсалды және байыпты көзқарас басым болғаны жөн. Ашығын айтайын, өзін «ұлттың қаймағымыз» деп санайтын кейбір зиялы қауым өкілдері осы миссиясын өз деңгейінде атқарып жүрген жоқ. Олар ұлтқа үлгі-өнеге көрсетудің орнына, ұсақ-түйек әңгімелерді қоздатудан, әдеттегідей «біздің халық аса данышпан» деп қайталай беруден немесе қара басының қамын күйттеп, билікке «жағдайымды жасамады» деп өкпе артудан аса алмай отыр. Осылайша ұлттық идеологияның даму жолында жалғандыққа жол беріледі», деген жолдары бар. Расында да әр адам өз бойында адалдық, еңбекқорлық, қарапайымдылық секілді қасиеттерді сақтай алса, оған жасампаздық та, атақ-даңқ та, марапат та өзі келеді. Қазақта «Таланттың екінші аты – еңбек» деген сөз бар. Осыны жастар жадынан шығармаса, жасы үлкендер құр мақтан мен кеудемсоқтықтан немесе біреуден сый-құрмет дәметуден аулақ болып, өзінен кейінгілерге салиқалы жолды нұсқай алса, қоғамда еңбекқор адамның шын бейнесі қалыптасады. Жалпы адамды да, қоғамды да адалдық, еңбекқорлық алға жылжытады. Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар