Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕРКІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

МЕРКІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
МЕРКІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Жыл өткен сайын болашақ тұлғаларды дайындауға деген талап күшейіп келеді. Бүгінгі бала заман талаптарына ілесіп, жетістікке жету үшін өмір бойы білім алуға бейім болуы тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Жуырда Меркі ауданындағы Ақжол ауылында 80 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков және ауыл ардагерлері қатысты. Ақжолдықтар ауыл мектебіне жаңа ғимарат сұрағалы көп жылдың жүзі болған. Ескі мектеп 1931 жылы салынған, сол уақыттан бері бұл ауылда жаңа мектеп болмаған. Бұл мәселені өткен жылы аудан басшылығы нақты қолға алып, бюджеттік өтінім берген болатын. Білім ордасының құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған еді. Мектептің бой көтеруіне республикалық бюджеттен 452 миллион теңге қаржы бөлінген. Жаңа мектепке облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан тапсырыс берілген, құрылысты мердігер мекеме – «ТемирСтрой Сервис и Ко» ЖШС жүргізді. Айта кету керек, жаңа білім ордасы толығымен заманауи жабдықтармен, компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілген. Одан бөлек қыздар мен ұлдарға арналған шеберхана, лингафон кабинеті және 2 зертхана жасақталған. Аяулым Жаманқара
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар