Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа жылдың бедері биік күндері

Жаңа жылдың бедері биік күндері
ашық дереккөз
Жаңа жылдың бедері биік күндері
1. Біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған атақты Аңырақай шайқасына 295 жыл (1729 жыл, кейбір деректерде 1730 жыл). 2. Ұлы Отан соғысындағы 872 күнге созылған Ленинград блокадасының аяқталғанына 80 жыл (08.09.1941-27.01.1944 жж.). 3. Қазақстан Республикасы Мәс­лихаттарының құрылғанына 30 жыл (наурыз, 1994 жыл). 4. Түркі мемлекеттері ұйымының құ­рыл­ғанына 15 жыл (3 қазан, 2009 жыл, Әзірбайжан Республикасы, Нахичеван қаласы). Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммиті Бішкек қаласында өтеді. 5. Қазақстанда Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлерінің ҮІІІ съезі өтеді. 6. Қазақстанда мыңжылдықтардың мұрасы және көшпелі дала салтын ұлықтаған Дүниежүзілік V Көшпенділер ойыны «Ұлы дала дүбірі» ұранымен өтеді. (08-14 қыркүйек). ІV Көшпенділер ойыны Түркияда 2022 жылы қыркүйек-қазан айларында өткен болатын. 7. Кеңес әскерлерінің Ауған жері­нен шығарылғанына 35 жыл. 8. Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне 105 жыл (17.12.1919 жыл). 9. Республикалық «Қазақ әде­биеті» газетіне 90 жыл (қараша, 1934 жыл). 10. Жамбыл облысының құрыл­ға­нына 85 жыл (14.10.1939 жыл). 11. Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл (1934 жыл). 12. Қазақстан Композиторлар ода­ғының құрылғанына 85 жыл (1939 жыл). 13. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ашылғанына 90 жыл (15.01.1934 жыл). Тұңғыш ректоры – Федор Трофимович Олихов. 14. Ядролық жарылыстарға қарсы құрылған «Семей-Невада» қозға­лысына 35 жыл (26.02.1989 жыл). 15. Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрына 90 жыл (1934 жылы ашылған, 1945 жылы Абай аты берілген). 16. Қазақстандағы алғашқы му­зы­калық жоғары оқу орны – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ашылғанына 80 жыл. 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. 17. «АМАNАТ» (бұрынғы «Нұр Отан») партиясының құрылғанына 25 жыл (1.03.1999 жыл). 18. «Қазфосфат» ЖШС-ның құрылғанына 25 жыл (27.10.1999 жыл). 19. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ашылғанына 20 жыл (23.04.2004 жыл). 20. Париж қаласында ХХХІІІ жаз­ғы Олимпиада жалауын көтереді (26 шілде-11 тамыз аралығында). 21. Германияда футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 14 маусым күні «Мюнхен Аренада» болады. 22. Қыркүйек айында Ташкентте футзалдан әлем чемпионаты басталады. 23. Астана қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. 24. Қазақстанның «Барыс» хоккей клубының құрылғанына 25 жыл (1 желтоқсан, 1999 жыл). 25. «Астана-Арена» стадио­­нының ашылғанына 15 жыл (03.07.2009 жыл). 30 200 көрермен сыяды. 26. Атақты «Дос-Мұқасан» во­­калды-аспапты ансамблінің құрылғанына 55 жыл (1969 жыл). 27. Қазақ ұлттық қыздар педаго­­гикалық университетінің (бұрынғы ЖенПИ) «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің құрылғанына 55 жыл (1969 жыл). 28. Қазақ киносының үздік туындысы «Тақиялы періште» көркем фильмінің экранға шыққанына 55 жыл (1969 жыл, режиссері – Ш.Айманов. Ана рөлін Әмина Өмірзақова сомдап, Тайлақ бейнесін Әлімғазы Райымбек экранға шығарған). 29. Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетіне 105 жыл (тамыз, 1919 жыл). 30. Құлан агротехникалық жо­ғары колледжінің ашылғанына 100 жыл. 31. Жамбыл облыстық теле­­арна­сының алғашқы хабар таратқанына 35 жыл (1 қараша, 1985 жыл). 32. Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетіне 90 жыл (1934 жыл). 33. Талас аудандық «Талас тынысы» газетіне 90 жыл (1 қазан, 1934 жыл). 34. Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» газетіне 85 жыл (1939 жыл). 35. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ашылғанына 70 жыл (1954 жыл). 36. Жамбыл облыстық мұраға­тына 85 жыл (қазан, 1939 жыл). 37. Өнерлеріне ел сүй­­сін­ген «Тараз» триосының құрыл­ғанына 50 жыл (1974 жыл). Алғашқы көркемдік жетекшісі – Қазақстанның Халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев. 38. «Шерхантану» орта­лы­ғының ашылғанына 15 жыл. 39. Аты әйгілі Қарабура әулиенің туғанына (шамамен) 920 жыл (1104-1174 (1184). Қожа Ахмет Ясауидың замандасы болған. 40. Әйгілі тарихшы, әдебиетші, ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидың туғанына 525 жыл (Мырза Мұхаммед Хайдар) (1499-1551 жж. Ташкентте туған, Кашмирде қайтыс болып, сонда жерленген). 41. Қазақтың төбе биі атанған Төле бидің ұстазы, оған бата берген атақты шешен, ақын Қыбырай бидің (Жайылмысұлы) туғанына 435 жыл (1589-1682 жж.). Жамбыл облысы, Қордай ауданының Қаракемер ауылы маңында өмір сүрген. 42. Қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы Қарасай батыр Алтынайұлының туғанына 435 жыл (1589-1671 жж.). 43. Қазақтың атақты үш биінің бірі, дара ойлы Әйтеке бидің (Бәйбекұлы) туғанына 380 жыл (1644-1700 жж.). 44. Есет батыр Көкіұлының туғанына 355 жыл (1669-1756 жж.). 45. Қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығында ерен ерліктер жасап, исі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі Байғозы батырдың туғанына 320 жыл (1705-1803 жж.). 46. Батыр, қолбасшы Өтеген батырдың (Мүйізді Өтеген) туғанына 325 жыл (1699-1773 жж.). Төле бидің, Абылай ханның серігі болған. 47. Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық күрес кемеңгерлерінің бірегейі Байзақ датқаның (Мәмбетұлы) туғанына 235 жыл. 48. Ел қамын ойлап Шыңғыстауды оятқан дала данышпаны, аға сұлтан, ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажы Өскенбайұлының туғанына 220 жыл. 49. Жалынды ақын, күйші-композитор, қазақ халқының еркіндігін аңсаған Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл. 50. Атақты ақын Майкөт Сандыбайұлының туғанына 200 жыл. 51. Жетісу өңірінің атақты биі, белгілі шешен Ноғайбай бидің (Дәулетбақұлы) туғанына 190 жыл. 52. Атақты әнші, сал-сері, композитор, айтыс ақыны Біржан салдың (Қожағұлұлы) туғанына 190 жыл. 53. Ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Ақкөз батыр Қосанұлының туғанына 165 жыл. 54. Алып күштің иесі, жауырыны жерге тимеген палуан, әнші, композитор Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) туғанына 160 жыл. 55. Дүлдүл әнші, термеші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл. 56. Қазақтың әйгілі күйші-композиторы Қазанғап Тілепбергенұлының туғанына 170 жыл. 57. Ұлтымыздың дара тұлғалы пер­зенті, қа­зақтың көрнекті жазушысы, дра­ма­­тург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптас­ты­ру­шылардың бірі, Алаш арысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл. 58. Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, Алаш партиясы жетекшілерінің бірі, әскери дәрігер, Түркістан АССР жер және денсаулық сақтау Халық комиссары, ғалым, профессор Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл. 59. Алаштың ардақты ұлы, көрнекті мем­ле­кет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов­тың туғанына 130 жыл. 60. Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, Алаштың есімі сөнбес перзенті, жазушы, дауылпаз ақын Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туғанына 130 жыл. 61. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болған, тілші-ғалым Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл. 62. Рейхстагқа ту тіккен ержүрек батыр, Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. 63. Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұр­мұхамедқызы Молдағұлованың туғанына 100 жыл. 64. Көрнекті әскери қайраткер, армия ге­не­ралы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 100 жыл. 65. Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің толық кавалері Алахан Жапарбековтің туғанына 110 жыл. 66. Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл. 67. Көрнекті мемлекет және қоғам қайрат­кері Ораз Жандосовтың туғанына 125 жыл. 68. Қазақстанда геологиялық барлау және зерттеу саласы мен геология ғылымының негізін қалаушы, атақты геолог-ғалым, ҚССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш (Ғабдулғани) Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. 69. Ұлттық театр өнерінің іргетасын қалау­шылардың бірі, Қазақ ССР-ның Халық әртісі, аса дарынды театр және кино актері Елубай Өмірзақовтың туғанына 125 жыл. 70. КСРО Халық суретшісі, КСРО Көркем­сурет академиясының толық мүшесі Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл. 71. Көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, Алаш арысы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл. 72. Алаш арысы, ақын, атақты «Құлагер» поэмасының авторы Ільяс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл. 73. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, әйгілі қылқалам шебері, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл. 74. Дүлдүл әнші (тенор), Қазақ КСР-нің Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 115 жыл. 75. Қазақ киносының саңлағы және негізін салушылардың бірі, аса дарынды театр және кино актері, талантты режиссер, Қазақстанның және КСРО Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Шәкен (Шаһкерім) Аймановтың туғанына 110 жыл. 76. Филолог-ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ шешендік сөздерін зерттеуші және құрастырушы Балтабай Адамбаевтың туғанына 105 жыл. 77. Белгілі сатирик-жазушы, ана тілінің жанашыры Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл. 78. Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР Халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл. 79. Қазақтың классик жазушысы, балалар қаламгері, белгілі журналист, редактор, ұлттық спорт журналистикасының негізін қалаушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. 80. Қазақстанның Халық әртісі, Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино саңлағы Әмина Ерқожақызы Өмірзақованың туғанына 105 жыл. 81. КСРО және Қазақстанның Ха­лық әр­тісі, Социалистік Еңбек Ері, қазақтың бұл­бұл әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толады. 82. Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл. 83. Қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, айтулы ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл. 84. Айтулы банкир, белгілі экономист, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназаров 80 жаста. 85. Көптеген халықаралық ән байқау­ларының жеңімпазы, қазақ елінің мақтанышы, Қазақстанның Халық әртісі Димаш (Дінмұхамед) Құдайберген ордалы 30 жасқа толады (24.05.1994 жыл). 86. Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың туғанына 75 жыл. 87. Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 55 жасқа толады (8.01.1969 жыл). 88. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, Меркі ауданының бұрынғы әкімі Сергей Николаевич Громов 65 жаста (6.01.1959 жыл). 89. Атақты композитор, күйші, халық арасында кең тараған «Ерке сылқым» күйінің авторы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әбдімомын Желдібаев 85 жаста (5.09.1939 жыл). 90. Қазақтың ай маңдай әншісі, жазушы, өнер зерттеушісі, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 75 жыл. 91. Атақты волейболшы, КСРО және Еуропа чемпионы, әйгілі «Буревестник» командасының капитаны, еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО құрама командасының мүшесі Жәнібек Сауранбаевтың туғанына 85 жыл. Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. 92. Самбо күресінен КСРО және Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген жаттықты­рушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қазақ күресінің жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан Марат Нұрмахамбетұлы Жақитов 80 жаста (7.11.1944 жыл). 93. Қазақтың арда ұлы, қаратэден «қара белбеу» иегері, тәуелсіз Қазақстанда каратэ күресінің негізін салған Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл. 94. Қоғам қайраткері, Қазақ­стан Респуб­лика­сы Парламенті Мәжілісінің экс-де­пу­таты, бокстан Олимпиада ойындары мен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Серік Керімбекұлы Қонақбаев 65 жаста (25.10.1959 жыл). 95. Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көр­сет­кен Кеңес Одағының Батыры Саттар Есте­місовтің туғанына 105 жыл. 96. Мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жылдар Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы болған, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сейілхан Аққозиевтың туғанына 95 жыл. 97. Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Өмірбек Байгелді 85 жаста (15.04.1939 жыл). 98. Партия қызметі, атқару комитеті мен ауылшаруашылық саласының ардагері Аман Алпысбаевтың туғанына 100 жыл. 99. КСРО білім беру саласының озық қызметкері, филиолог-ғалым, профессор, ұлағатты ұстаз Қапаш Тасболатовтың туғанына 100 жыл. 100. Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР-і Жо­­ғар­ғы кеңесінің депутаты болған, атақты «Тру­до­вой пахарь» колхозының төрағасы Александр Львович Нахмановичтің туғанына 100 жыл. 101. Қазақстан Жазушылар одағының мү­шесі, жазушы Дулат Шалқарбаевтың туғанына 100 жыл. 102. Көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, КСРО Жоғарғы кеңесінің және КСРО-ның экс Халық депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл. 103. Қоғам және мемлекет қайраткері, бұрынғы Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Ғайникен Бибатырова 90 жасқа толады (15.10.1934 жыл). 104. Жамбыл облысының және Талас ауданының Құрметті аза­маты, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Ералы Дадабаевтың туғанына 90 жыл. 105. Мемлекет және қо­ғам қай­раткері, Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының экс-Экономика ми­нистрі, айтулы ғалым, техника ғылымдарының докторы, про­фессор, Халықаралық инже­нерлік ака­де­мияның академигі, Жамбыл об­лы­сының Құрметті азаматы Марс Фазылұлы Үркімбаевтың туғанына 85 жыл. 106. Атақты кардиолог, меди­цина ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облысының Құр­метті азаматы Сейтхан Жошыбаев 85 жаста (9.06.1939 жыл). 107. Мемлекет және қоғам қай­раткері, партия қызметі мен жо­ға­ры білім саласының ардагері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Жиренше Қазбекұлы Бодановтың туғанына 95 жыл. 108. Қоғам және мемлекет қай­раткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депу­таты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жандар Кәрібай­ұлының туғанына 85 жыл. 109. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, партия қызметінің ардагері Саттар Жәнәбіловтің туғанына 85 жыл. 110. Облыстық мәслихаттың бұрынғы хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Щорс Құбатайұлы Шарафудинов 85 жаста (19.11.1939 жыл). 111. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, партия қызметі мен ішкі істер органының ардагері, полиция полковнигі Жәнібек Майхановтың туғанына 85 жыл. 112. Еңбек ардагері, Шу және Байзақ аудандарының бұрынғы әкімі, экономика ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев 80 жасқа толады (18.11.1944 жыл). 113. Партия, кеңес қызметтерінің ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам белсендісі Нілзия Алғазықызы Рахышева 80 жаста (2 шілде, 1944 жыл). 114. Белгілі балалар жазушысы, «Aq jol» газетінің бұрынғы бас редакторы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл. 115. Партия, комсомол қызметтері мен ауылшаруашылық саласының ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов 80 жаста (10.12.1944 жыл). 116. Теміржол саласының ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынбек Ақшалов 80 жаста (25.04.1944 жыл). 117. Тарихшы-ғалым Серікхан Байтілен­нің туғанына 80 жыл. 118. Мемлекеттік басқару сала­сының ардагері, Талас ауданының бұрынғы әкімі, Талас ауданының Құрметті азаматы Балтабай Бекежановтың туғанына 80 жыл. 119. Айтулы ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл филиалының директоры Жаныс Мәкенұлы Байтуғановтың туғанына 75 жыл. 120. Техника ғылымдарының док­торы, профессор, М.Х.Дулати атын­­дағы Тараз өңірлік университетінің бұрынғы ректоры Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтің туғанына 75 жыл. 121. Облыстық мәслихаттың бұ­рын­­ғы хатшысы, Меркі, Шу, Жуалы аудандарының экс-әкімі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов 75 жаста (7 қыркүйек, 1949 жыл). 122. Қазақстанның Құрметті жур­налисі, бірнеше кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты, облыстық «Aq jol» газетінің бұрынғы бас редакторы, Талас ауданының Құрметті азаматы Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл. 123. Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» саяси партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев 70 жаста (29.10.1954 жыл). 124. Генерал-майор, заң ғылым­дарының кандидаты, құқық қорғау саласының ардагері Қозы-Көрпеш Қарбозов 65 жаста (20.01.1956 жыл). 125. Мемлекеттік қызмет ардагері, Меркі, Шу, Талас аудандарының бұрынғы әкімі Болат Рысмендиев 70 жасқа толады (10 қыркүйек, 1954 жыл). Қырғызәлі ТІЛЕУОВ, мемлекеттік қызмет ардагері, зейнеткер, Астана қаласы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар