Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол сапасы: кемшіліктерге кім жауапты?

Жол сапасы: кемшіліктерге кім жауапты?
ашық дереккөз
Жол сапасы: кемшіліктерге кім жауапты?
Баршаға бірдей жайлы жол салу – қазіргі күннің басты талабы. Сол себепті, мемлекет тарапынан бұл салаға қыруар қаржы бөлініп, әлеуметтік мәселенің оң шешілуіне көптеп көңіл бөлінуде. Оның үстіне, жыл сайын салығын төлеп, қара жолдың сапалы болуына қарапайым жүргізушілердің де өз үлестерін қосуда. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері жыл он екі ай жол-құрылыс материалдарының мыңдаған данасын арнайы сынамадан өткізіп, нормативтік талаптарға сай келмейтіндерін анықтауға күш салды. Жолшылар анықтаған кемшіліктерді жою мақсатында тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға тиісті хаттарда жолданған. Мәселен, филиал қызметкерлері есепті кезеңде 495 нысанға 816 рет іссапар жасап, 2576 жол-құрылыс материалдарын сынақтан өткізген. Нәтижесінде 873 (34%) жол-құрылыс материалдарының талаптарға сай келмейтіні белгілі болған. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарда – 18, жергілікті жолдарда – 718 және қалалық жолдарда – 137 кемшілік анықталған. Филиал қызметкері, инженер Ахметжан Бименовтің айтуынша, мердігерлер ең алдымен, жұмыстың сапасына айрықша көңіл бөлсе, асфальт жабынын орнату технологиясы өз жемісін бермек. Ол өз сөзінде тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдар сапаға мән берсе, жол-құрылыс саласында кемшіліктер жойылып, заң бұзушылықтар тыйылатынын жеткізді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар