Әлеумет
Министр Ғани Бейсембаев балаларына қандай сыйлық бергенін айтты
- author AR-AY
- 29 желтоқсан, 2023
- 220
Министр Ғани Бейсембаев балаларына қандай сыйлық бергенін айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жаңа жылда балаларына қандай сыйлық беретін айтты, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, Жаңа жылды алғаш рет Астанада қарсы алады.
Жаңы жыл күнтізбедегі жылдың бастауы. Сондықтан барлық мекемеде де, бізде де жылдың қорытындысы жасалады. Жаңа жылға арналған арнайы жоспарлар пысықталады. Дей тұрғанымен Оқу-ағарту министрлігі үшін біздің оқу жылымыздың басы қыркүйектен аяғы мамыр айында аяқталады. Сондықтан жылдың қорытындысы есебінде қабылданады. Біз де қазақстандықтар сияқты отбасымызбен бас қосып, бірге дастархан басында жиналамыз. Биылғы жылдың ерекшелігі мен Алматыда қарсы алушы едім, биыл Астанада қарсы аламын. Менің жұмыс бабыма байланысты барлық отбасым жиналып жатыр. Бірінші рет жаңа жылды Астанада қарсы аламыз, - дейді министр.Ғани Бейсембаев Жаңа жыл мерекесіне балалары қандай сыйлық қалайтынын айтты.
Балалардың маған жасаған сыйлығы олардың жақсы оқығаны. Ал енді әкесі мен анасының ең басты сыйлығы балаларымның айтуына қарағанда «әке сіз бір күн бойы біздің қасымызда боласыз. Ол ең үлкен сыйлық деп жатыр, - дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Келесі мақала