Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ
ашық дереккөз
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып отырғаны өкінішті. Терроризмнен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуінен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатер қандай болса, сыбайлас жемқорлықтан қоғамға келетін кесел де сондай деңгейде. Бұл түйткілді мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тарапынан ерекше көңіл бөлінуі тегін емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етуі тиіс. 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты іске асыруға азаматтық қоғамды кеңінен тартуды көздейді. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оған қарсы күрес саласындағы негізгі заңнамалық акт осы заң болып отыр. Мұнда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі жаңалықтарына мыналар жатады. Алдымен заң талаптары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын қолдануға бағытталған. Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңберін кеңейту (сыбайлас жемқорлыққа қарсы органмен қатар, оларға іс жүзінде барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жатады) көзделген. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін енгізу, олардың бір бөлігін іске асыру квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүктелген. Төртіншіден, сыбайлас жемқорлық құқық­бұзушылықтар арасындағы айырмашылықты анықтау. 2022 жылы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған сәттен бастап біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша жұмыс жүргізілді. Алдын алу шараларынан басқа, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету де күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында филиал қызмет­керлерімен тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осылайша сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуіміз керек. Әліпбек ДӘУІРБАЕВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық сараптама орталығы» РМК облыс бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар