Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
ашық дереккөз
ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 1 миллион 200 мыңнан астам тұрғыны бар Әулиеата өңірінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы барысын баяндаған Жомарт Дүйсенұлы облыс халқының 29,1 пайызын жастар құрайтынын сөз етті. Өрендердің 58,2 пайызы ауылдық жастар болса, қалғаны қалалық жерде тұрады. Бүгінде облыста жастардың жұмысқа орналасуы мен кәсіппен айналысуы, мемлекеттік бағдарламаға қатысуы секілді кез келген бағыт бойынша қолдау көрсетіп, кеңес берумен айналысатын 1 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық жастар ресурстық орталығы бар. Осы аталған мекемелерде барлығы 416 қызметкер бар болса, оның ішінде 360 маман жастармен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істеген. – Биыл аймақта жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі органдарды қосқанда 1 миллиард 974 миллион 500 мың қаржы қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 66,7 пайызға артық. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 20 әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру көзделіп, жергілікті бюджет есебінен 61,6 миллион теңге қаражат бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 жобаға артып, қарастырылған қаржы көлемі 20,2 миллион теңгеге, яғни 48,8 пайызға ұлғайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі осы жылдың І тоқсанында 5,1 пайызды құраса, жылдың ІІІ тоқсанында нәтиже 3,2 пайызды көрсетті. Уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі жылдың І тоқсанында 8,6 пайызды құраса, ІІІ тоқсанда 6,5 пайызға жетті. Уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі I тоқсанмен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеді. Биыл «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 36 987 әлеуметтік мәртебесі анықталмаған жасқа адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18 804 жастың мәртебесі толығымен өзектендірілді. Қалған 18 183 өреннің әлеуметтік мәртебесі анықталып, өзектендіру жұмыстары жалғастырылуда. Оның ішінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 35 жастан асқан 5 539 азамат бар. Осы жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту мекемелерінің және жастар ресурстық орталықтарының ықпалымен 35 жасқа дейінгі 28 245 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 12 527 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 916 адам онлайн оқытуға, 2 982 түлек жастар практикасына, 302 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 2 709 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 29 өрен «Ұрпақтар келісімшарты», 574 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша еңбекке араласты. Сондай-ақ 4 227 азамат «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 359 жас қайтарымсыз грант алса, кәсіптік оқытуға 616 адам жолданды, – деді аталған басқарма басшысы. Осы жылдың желтоқсан айына дейін облыс көлемінде жастар ресурстық орталықтары 128 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырыпты. Оған 1 116 жұмыс беруші мекеме қатысып, олар 6 мың 26 бос жұмыс орнын ұсынған екен. Жәрмеңкеге 15 867 жұмыссыз қатысса, оның 8 мың 69-ы жастар. Жәрмеңке қорытындысымен 2 153 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 263 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданыпты. 2 211 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 2 593 өрен тұрақты жұмыс орындарына жіберіліп, 14 246 адам консультациялық кеңестер алған. Баспасөз конференциясы барысында Жомарт Зұлпыхар жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қанша қоғамдық тыңдау өткені, «Jastarga-кеnes» жобасы өрендерге қай бағытта қандай кеңес бергені, «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымдық жұмыста қандай шаруалар тындырғаны, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету ісі қандай нәтиже көрсеткені секілді өзге де бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды бүге-шігесіне дейін баяндады. Нұрым СЫРҒАБАЕВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар