Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алтын құстың мейірімділігі

Алтын құстың мейірімділігі
ашық дереккөз
Алтын құстың мейірімділігі
Ертеде бір шал өмір сүріпті. Шақар мінезді шал балаларының ұнатқан жарын алуына рұқсат бермей, өзі тауып беретін болып келіседі. Күндердің бір күнінде түн ортасында шалдың үйінің шатырына алтын құс келіп қоныпты. Шал алтын құсты байқап, ұстамақшы болғанда шамасы жетпей, қолында тек құстың қауырсыны ғана қалады. Таң атқанда үйінің шатырын қараса, алтын құстың ізі де қалмапты. Шал біраз толғанып, бір шешімге келеді. Үш ұлын шақырып: «Түнде көрген алтын құсты қай ұлым тауып әкелсе, сол ұлым­ның қалаған жарын алуына қарсы болмаймын», – дейді. Сонда үлкен ұлы нөкерлерін ертіп, басқа елге аттанып кетеді. Ортаншы баласы да тұлпарына мініп асығыс жолға шығады. Ең кіші баласы жалғыз өзі аттануға бел буады. Үлкен баласы қанша іздесе де алтын құсты таппайды. Әбден шаршап-шалдыққан ортаншы баласы жол жиегіндегі үлкен тастың үстіне отыра бергені сол еді, көзіне түсініксіз жазулар түседі. Онда «Егер оң жақтағы жолмен жүрсең – өзің өлесің, сол жақтағы жолмен жүрсең – жылқың өледі» деп жазылған екен. Бір мезетте жылқысына тіл бітіп: «Досым, сол жаққа қарай бар, сен өлгенше мен өлейін», депті. Ортаншы ұлы жылқысына тіл біткеніне сене алмай, біраз таңғалып тұрады. Өз көзіне сенбесе де жылқы сөзіне сеніп, екеуі сол жаққа қарай бұрылып еді, бір белгісіз құбылыс жылқысын жойып жіберді. Кіші баласы жалғыз өзі талдың көлеңкесінде дем алып отырғанда бұталардың арасынан жарқырап тұрған сәулені көреді. Барып қараса, алтын құстың жарқыраған қауырсыны екен. Бала ұстағаны сол екен, қауырсын жол сілтегендей болады. Сөйтіп, сілтеген жолымен ұзақ жүреді, бірақ құсты мүлдем таппайды. Бала үмітін үзіп, кері қайтып бара жатқан кезде төбесінен ұшып өткен алтын құс келіп баланың жанына қонады да: «Сен қандай себеппен мені іздестіріп жүрсің?» дегенде, бала біраз тамсанып тұрып қалып: «Әкеміз маған және ағаларыма бір тапсырма берді. Егер де біздің біреуіміз сені әкемізге алып барсақ, қалаған жарымызды алуға рұқсатын береді», деп тіл қатады. Сонда алтын құс: «Сол түні сендердің үйлеріңнің шатырына әкелеріңнің осындай тапсырма беретінін біліп, әдейі қонған болатынмын. Себебі мен сендердің қалаған жарларыңды алғандарыңды қаладым. Әлем бойынша үш-ақ алтын құс бар. Олар – менің бауырларым. Ең үлкені сенің үлкен ағаңа барады, ал екінші бауырым сенің ортаншы ағаңа барады, міне, осы секілді үшеуің де әкелеріңе алтын құсты жеткізгенде қалаған жарларыңды алуларыңа рұқсатын береді», дейді. Бала қуанып, құсты әкесіне тапсырды. Ағалары да уақытылы құстарды әкеліпті. Әкесі қуанып, үш баласына рұқсатын беріпті. Осы уақыттан бері үш бауыр да бақытты өмір сүріпті. Қымбат БОЛТАЙ, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар