Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Жуырда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «INFORMATRIX-ASIA-2023» халықаралық компьютерлік жобалар конкурсы өтті. Білім бәсекесіне 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты. Сондай-ақ облысымыздан 20 оқушы бағын сынап, жүлделі орындардан көріне білді. Ғылыми зерттеушілікке қызығу­шылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау, IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу және әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат тұтқан жарыс ағылшын тілінде жүргізілді және 6 бағыт бойынша өтті. Айта кету керек, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурсқа 20 мемлекеттен 5 000-ға жуық оқушы қатысты. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО гранттарына ие болып, қазіргі таңда әр салада жемісті жұмыс атқарып жүр. Халықаралық конкурс қоры­­тындысы бойынша, облы­сымыздың 3 оқушысы күміс, 3 оқушысы қола медальға ие болды. Сонымен қатар дарынды балаларға арналған мамандан­дырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Дания Егісінова Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантын ұтып алды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар