Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Екі тоннаға жуық қант қызылшасы жиналды

Екі тоннаға жуық  қант қызылшасы жиналды
ашық дереккөз
Екі тоннаға жуық қант қызылшасы жиналды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов «Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері» тақырыбында баяндама жасады. Спикердің айтуынша, ауданда 6 970 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 513. Осы жылы аудан аумағында 550 гектар қант қызылшасы егіліп, 467 гектар егістік алқабы табиғи техногендік апаттан жарамсыздыққа ұшырапты. Қазіргі таңда қалған 83 гектар қант қызылшасы алқабы толығымен қазылған. 1 907 тонна қант қызылшасы жиналып, оның 1744,3 тоннасы Меркі қант зауытына өткізіліпті. – Аудан бойынша 2022-2025 жылдар аралығында жалпы құны 61,9 миллиард теңгені құрайтын 195 ірі және шағын инвестициялық жобалар айқындалып, оның 6,5 миллиард теңгелік 70 жобасын осы жылы жүзеге асыру көзделді. Нәтижесінде 637 жұмыс орны ашылады деп күтілген. Бүгінгі күнге 732,9 миллион теңгеге 27 жоба толық іске асырылып, нәтижесінде 84 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Биыл бірінші жартыжылдықта ауданымыздағы Қазақ, Сәлімбай, Жаңатұрмыс ауылдарында орталықтандырылған ауызсу жүйесі іске қосылды. Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы (80 пәтерлі) көпқабатты тұрғын үйлердің алғашқы легі пайдалануға берілсе, қалғаны жыл соңына дейін тұрғындар игілігіне ұсынылады. 2023 жылға «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына сұранысқа ие мамандардың тізбесі қалыптастырылып, 34 маманға қажетті қолдау шараларын жүзеге асыру жоспарланды. Ауданға қарасты 15 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 67 636 адам тұрады. Оның 27 200-і экономикалық белсенді топтың қатарына жатады, – дейді Ернар Серікәліұлы. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Көгершін ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, Луговой ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2022-2025 жылдарға арналған «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасына сәйкес Жаңатұрмыс ауылында 140 орындық клуб ғимаратының құрылысы жүргізілетін болып енгізіліпті. Сондай-ақ 2024 жылы Д.Қонаев және Қорағаты ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Эльмира Байназарова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар