Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мойынқұм ауданы тұрақты дамуда

Мойынқұм ауданы тұрақты дамуда
ашық дереккөз
Мойынқұм ауданы тұрақты дамуда
Мойынқұм ауданында биылғы қаңтар-қараша айларында бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Аймақта есепті кезеңде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 95,5 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 104 пайызға орындалыпты. Бұл туралы Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері» тақырыбында берген баспасөз брифингінде айтты. Баяндамашының хабарлауынша, ауданда есепті кезеңде 1,8 тонна алтын, 342 килограмм күміс, 1,5 миллион тонна цемент, 1,2 миллион тонна әктас, 47,5 мың тонна барит концентраты, 28,7 мың текше метр гранит, 445,1 тонна балық, 68,6 мың тонна барит рудасы, 30,6 миллион текше метр табиғи газ өнімі өндіріліпті. – Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында 24,6 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 120,5 пайызға жетті. Инвестиция көлемі жыл қорытындысымен шамамен 25,6 миллиард теңгені құрап, нақты индекс көлемі 103,7 пайызға орындалады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша, осы жылдың қаңтар-қараша айларында 14,9 миллиард теңгені құрады, нақты көлем индексі – 140,1 пайыз. Құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық болжамы 15 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 124,3 пайызға орындалатын болады деп күтілуде. Аймақта тиісті кезеңде 2 329 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 77 адамға, жастар практикасына 92 жасқа, ақылы қоғамдық жұмысқа 625 адамға жолдама берілді. Сондай-ақ 1 162 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылса, оның 60-ы жұмыссыз мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Аудан бойынша биылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 123,5 миллион теңге бөлініп, 1 желтоқсанда 85 отбасының 477 мүшесіне 30,6 миллион теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді. Қылмысқа қарсы күрес жайында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам, биылғы қаңтар-қараша айларында ауданда барлығы 92 қылмыс орын алды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 қылмысқа кем. Мойынқұмда қылмыстардың ашылуы 85,9 пайызды құрап отыр, – деді Әлихан Әбдірашұлы. Спикердің сөзінше, ауданда ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша есепті кезеңде 19 қылмыс тіркелген. Тарқатып айтсақ, жол апаты бойынша – 28, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 17 қылмыс тіркеліп, оның 80 пайызы ашылған. Сонымен қатар мал ұрлығы деректері бойынша 1 қылмыс тіркеліп, пәтер тонау деректері бойынша 5 қылмыс тіркелсе, аталған қылмыстардың ашылу деңгейі 100 пайызды құраған. А.БЕКЕНҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар