Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»

«ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
ашық дереккөз
«ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық» үйінде «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты этномәдени берлестіктер арасында фестиваль өтті. Салтанатты жиын «Қоғамдық келісім»мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаеваның құттықтау сөзімен басталды. Өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндаған мекеме басшысы алдағы жоспарларды ортаға салды. Мүбарак Қасымқызы ел игілігі мен бірлігінің мызғымас беріктігі жолында атқарған әр іске береке тілеп, серіктестер мен этнос өкілдеріне ақжарма тілегін арнады. Сонымен қатар фестиваль барысында жыл бойы ҚХА шеңберінде жұмыла жұмыс істеп белсенділік танытқан серіктестер, облыстық ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестік басшылары, өкілдері, журналистер, медиаторлар, ЭМБ өкілдерінен құрылған ансамбльдер және өнерпаздар марапатталды. Мерекелік жиында өңірдің белсенді өнерпаздары мен этнос өкілдері ән мен жырдан шашу шашты. Марапат алып мадақталған қонақтар алғыс айтып, естелік суретке түсіп тарқасты. Ш.ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар