Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Тараз» триосының айтулы белесі

«Тараз»  триосының  айтулы белесі
ашық дереккөз
«Тараз» триосының айтулы белесі
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Тараз» триосының 50 жылдығына арналған «Алатаудан» басталған әуен» атты мерекелік концерт өтті. Айта кету керек, аталған трио 1974 жылғы облыстық «Алатау» халықтық-жастар эстрадалық ансамблінің құрамында құрылды. Осы аралықта атауы үш рет, құрамы бірнеше мәрте өзгерген өнерпаздар тобы жартығасырлық белеске жарқын жетістіктермен жетті. Айтулы кешке ат арытып алыстан келген қонақтардың қатарында Алтынбек Қоразбаев, трионың алғашқы құрамындағы өнер майталмандары (Алтынбек Бекмұратов, Пернебек Оспанов, Берік Қалиев, Дүйсенбек Өмірәлиев, Есенбек Сәтпаев, Сәтжан Таятаев) және Ғани Мәтебаев, Оңал Азаматова мен өнердегі шәкірттері «Жамбыл» триосы да бар. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына байланысты «Тараз» триосы болып аты өзгеріп, құрамы жаңарған өнер тобының мерейтойына арнайы келген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әуелі Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның 55 жылдығына орай жаңа автобустың кілтін табыстады. Содан кейін «Тараз» триосының концертіне қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Өнер майталмандарын марапаттап, олардың алдағы жолына сәттілік тіледі. – Жамбыл өңірі – өнерпаздарға өте бай өлке. Соның бір дәлелі де өздеріңізсіздер. Сіздердің халқымыздың руханиятына қосқан үлестеріңіз зор. Бүгінгі ұрпақ өздеріңіз сияқты өнерде жолы болған жүйріктердің артынан еріп, үлгісін алса, онда адаспас еді. Сіздердің өнер жолдарыңыз мұнымен аяқталмақ емес. Алда талай биік белестерді бағындыра беретіндіктеріңізге сенімдімін, – деді Е.Қарашөкеев. Шынымен де «Тараз» триосының қазақ өнерін басқа да жұртшылыққа таныстыруда қосқан үлесі мол. Олар республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты атанды. Екі мәрте Мәскеуде өткен Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды. Міне, мұның бәрі де тынымсыз еңбектің жемісі. Кеш ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай-ақ әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газетінің шолушысы Амангелді Әбілдің «Алатаудан» басталған әуен» атты кітабының және арнайы шығарылған дисктің тұсауы кесілді. Шапағат Әбдір
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар