Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Танымал кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті

Танымал кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті
ашық дереккөз
Танымал кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті
«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында СММ курсының қатысушыларымен мотивациялық кездесу сағаты өтті. Басқосуға облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Әсем Қасымбекова мен продюсер, кәсіпкерлер тәлімгері, жеке бренд эксперті Айниль Абуали шақырылды. Көпбалалы ана, аяулы жар, өнегелі келін, білікті басшы, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер, «Caramell» дүкендер желісінің құрылтайшысы Әсем Қасымбекова осы салада өзін-өзі қалай дамытқаны, көп табыс тауып, жетістікке жетудің кілті туралы айтты. Қазіргі уақытта әйел-аналар үшін үйде отырып табыс табуға, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік мол. Ниет пен әрекет болған кезде нәтижеге жетпеу мүмкін емес. Көп ойланбай, мектептегі тұрақты жұмысы мен 180 мың айлығынан бас тартып, инфобизнес саласына бет бұрған продюсер, эксперт Айниль Абуали бүгінде айына 3 миллион теңге табысқа шыққан. Айниль ханым әлеуметтік желі арқылы қалай тез табысқа шыққандағы мүмкіндіктер, өзіне көмектескен техникалармен бөлісті. Спикерлер сөзінде тең білімді немесе жай ғана еңбекқор болу жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл ретте аналар бәрін гармонияда ұстап,білімді болумен қатар іскер, алғыр болғаны шарт. Себебі бір бойына бірнеше дағдыны қалыптастырған адам ғана өзгелерді соңынан ертіп, көш бастауына себепші болатынын нақтылады. Ал көш бастау дегенде тағы да жеке брендсіз болмайтынын жеткізді. Қашан инфобизнеске де жауапкершілікпен уақыт арнап жұмыс істейсіз, сол кезде ғана жемісін көрмеу мүмкін емес. Ал кәсіпкер Әсем Қасымбекова кәсіпкерлік бағыттағы маңызды кейстерімен бөлісті. Оның айтуынша, сұраныс ешқашан нөлге түспейді. Сондықтан кәсіпкерге сұранысқа сай өзгеріс пен үздіксіз даму керек. – Қандай жағдай болса да сапалы қызмет ұсынуды мақсат ет. Алла Тағала адамға орындалмайтын арманды ойлатпайды. Сол себепті де арманыңның соңына ілес. Блоктармен, ішкі күймен жұмыс істе. Әрбір қиындықтың артында жетістік тұр. Тек сенім керек, – деді спикер. Орталыққа келуші өзін-өзі дамытушы аналар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды. Кездесудің мақсаты – әйелге балалары сүйікті ісімен айналысуға кедергі емес, отбасың, балаң қайта өзіңді дамытудағы мотивация екенін түсіндіру еді. Шара мақсаты осылай сәтті орындалды. «Мұндай кездесу аналарымызға керемет біліммен бірге бағдар да сыйлайды деп ойлаймын. Қазір қай саланы таңдасаң да өз көшбасшысы бар. Сіздер секілді ең бірінші аяулы ана, асыл жар әлемнің нәзік жаратылысына қарамай өз саласының үздік көшбасшыларына қарап-ақ бой түзеуге болатынын жеткізгіміз келеді. Біздегі негізгі миссия – ананың бойындағы сенімділікті оятып, кәсіп бастауына себепші болу. Аналарымызға балық емес, қармақ беру», деп әлеуметтік бөлім басшысы Гүлнар Нарболдиева кездесуді аяқтады. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар