ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ ӨСТІ
Осы жылдың қаңтар-қараша айларында облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 768,3 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Биыл өңірде өңдеу өнеркәсібінің өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, химия салаларында өсім байқалады
.
Биылғы қаңтар-қараша айларында химия саласындағы өндіріс көлемі 259 215,6 миллион теңгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі –
47,5 пайыз. Бұл салада «Қазфосфат», «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейді. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған. Дайын өнімнің 80 пайыздан астамы шетелдерге тасымалданады. Атап айтқанда, сары фосфор Ұлыбритания, Германия, Дания, Үндістан, Италия, Польша, АҚШ, Швейцария мемлекеттеріне экспортталады. Минералды тыңайтқыштар Бельгия, Корея, Латвия, Испания, Қытай, Түркия, Қырғызстанға саудаланады. Сондай-ақ натрий триполифосфаты Германия, Қытай, Чехияға, ал ортофосфор қышқылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Швейцария елдеріне өткеріледі.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі немесе құрылыс индустриясы саласында қаңтар-қараша айларында 52 159,8 миллион теңгеге өнім өндірілді. Саланың негізгі кәсіпорындары – портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы. Сонымен қатар темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС, «Жамбылхимстрой» ЖШС өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінің негізгі кәсіпорындарына жатады. Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.
Машина жасау саласында тиісті кезеңде 20 687,2 миллион теңгеге өнім өндірілді. Машина жасау бағытының өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі –
3,8 пайыз. Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.
Жеңіл өнеркәсіп бойынша қаңтар-қараша айында өндірілген өнім көлемі –
8 331,4 миллион теңге. Өңірде былғары-аяқкиім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС. Оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқкиімнің кең ассортиментін тігуге негізделген.
Облыс әкімдігі
кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024