Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Полицейлер қарт әжеге көмектесті

Полицейлер қарт әжеге көмектесті
ашық дереккөз
Полицейлер қарт әжеге көмектесті
Облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің басым бөлігі қазіргі уақытта тасжолдарда тәулік бойы кезекшілік етіп, қар құрсауында қалған адамдарға көмектесуде. Бұл уақытта олардың облыс орталығындағы әріптестері де күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындай отырып, жалғызбасты ардагерлер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар туралы ұмытпайды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олар бірқатар мәселеге тап болуда. Осындай минуттарда тәртіп сақшылары әрқашан көмекке келуге дайын. Ешкімді қиындыққа қалдырмау – бұл олардың принципі. Оның жарқын мысалы ретінде күні кеше болған қайырымдылық шарасын айтуға болады. Облыс полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 82 жастағы «Алтын алқа» иесі Рауза Қанибетованың үйіне барды. Полицейлер ауланың қарын тазалап, көмір тасып, отын жарып, бірнеше күнге азық-түлік сатып алып берді. Қария оларға алғысын білдіре отырып, қиын қызметтеріне табыс тіледі. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар