Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыс әкімі автожолдардағы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Облыс әкімі автожолдардағы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
ашық дереккөз
Облыс әкімі автожолдардағы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кеңес өтіп, Қордай, Шу аудандарында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою, қалыпқа келтіру, ауа-райына қатысты облыс бойынша жағдай талқыланды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек аталған екі аудандағы атқарылған жұмыстарды, бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды баяндады. Жедел қолға алынған шаралардың нәтижесінде Жуалы, Қордай және Шу аудандарында жолда қалған барлық тұрғындар құтқарылып, жылыту пунктеріне орналастырылған, бірқатары үйлеріне қайтарылған. Қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Қолайсыз ауа-райы салдарынан Сарысу, Мойынқұм, Шу, Қордай аудандары бойынша электр энергиясынан ажыратылған 30 елді мекеннің 26-ында электр желілері қайта қалпына келтірілсе, 4 елді мекенді жарыққа қосу жұмыстары қызу атқарылуда. Автожолдардағы жағдай бақылауға алынған. Жиында «Оңтүстік» әскери қолбасшылығы, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, «Қазавтожол» мекемесінің, басқа да тиісті бірқатар басқарма басшылары және онлайн режимде Қордай ауданының әкімі іске асып жатқан жұмыстарды баяндады. Облыс әкімі орын алған төтенше жағдай кезінде бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жолда қалғандар толығымен құтқарылғанын атап өтті. Дегенмен, аймақ басшысы алдағы уақытта да кез-келген жағдайға дайын болу керектігін, төтенше жағдай кезінде тиімді әрі жедел әрекет ету бойынша алгоритімді қайта әзірлеудің маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев жауаптыларға барлық бағыт бойынша жолдардағы ахуалды қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар