АҢСАП ЖЕТКЕН АРМАН
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заңды қабылдады. Осы күннен бастап республика тарихында жаңа кезең басталды. Міне, биыл сол тәуелсіздігімізге, азат мемлекет болғанымызға 32 жыл толып отыр.
16 желтоқсан – еліміздің тарихындағы айтулы күн. Бұл – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символына айналған айрықша маңызы бар мереке. Осы жылдар ішінде еліміз алып құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, салт-дәстүрімізді жандандырдық. Егер әрбір азамат мүддесі мемлекет мүддесімен ұштасып, ел бірлігін нығайту жолында аянбай еңбек етсе, Қазақстанның алмайтын асуы, бағындырмас биігі болмайтынына сенімдімін.
Әбіш Кекілбайұлы: «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», деген еді. Ендеше көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды
болсын!
Келесі мақала