Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көк байрағымыз биікте желбіресін!

Көк байрағымыз биікте желбіресін!
ашық дереккөз
Көк байрағымыз биікте желбіресін!
16 желтоқсан – қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Себебі 32 жыл бұрын дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды. Желтоқсанның екпінімен келген тәуелсіздіктің маңызы қашанда зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Сонымен қатар еліміздің әрбір азаматы тұғырлы тәуелсіздігімізді нығайтуға, елімізді әлемге танытуға қал-қадірінше үлес қосуы керек деп есептеймін. Осы ретте спортшыларға артылатын сенім жүгі салмақты. Жалпы кез келген спортшының арманы – әлемдік аренада атой салып, мыңдаған, миллиондаған жанкүйердің алдында Әнұранымызды шырқатып, туымызды желбірету. Жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, Әнұранымыз әуелеп шырқап жатқанда кеудемді мақтаныш сезімі кернеп, көкте қалықтап жүргендей әсерде боламын. Жас спортшы ретінде алғаш рет рингке шыққан сәтім естен кетпейді. Сонда өмірімді спортқа арнап, елімнің абыройын асқақтатуды мақсат тұттым. «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» демекші, алға қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында бар күш-жігерімді салатын боламын. Ең бастысы тәуелсіздігіміз мәңгілік, аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Жастарымыз еліміз үшін еңбек ете берсін!
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар