Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауқымды жұмыс атқарылды

Ауқымды жұмыс атқарылды
ашық дереккөз
Ауқымды жұмыс атқарылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Алмат Абдрайхан атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл жыл басынан бері де­пар­тамент­ке 25 табиғи монополия­лар субъектісінен тарифті бекітуге 67 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 5 хабарлама келіп түскен. Түскен өтінімдер мен хабарлама­ларды қарау нәтижесінде 29 тариф бекітілген. 17 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылса, 10 өтінім қаралуда, 8 өтінім субъектілердің өз еркімен кері қайтарылған. – Департамент қызметінің басты бағытының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта осы жылдың 11 айында департамент тарапынан ауқымды жұмыс жасалды деп айтуға болады. Осы кезеңде 5 тұлғаға 6 әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Сондай-ақ департамент тарапынан соңғы 11 айда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілді. Қазақстан Республикасының Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі» бойынша департамент тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекі­тіл­ген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету қағида­ларына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес, департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, – деді департамент басшысы. Бүгінгі күнге атқарып жатқан ең маңызды жұмыстың бірі – тұтынушылардың назарына табиғи монополиялар субъектілерінің жасап жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын, сол жұмыстардың нәтижесін жеткізу. Сонымен бірге департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен жылдың басынан бері депутаттардың, «AMANAT» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен ұйымдастырылып, өткізілуде. – Биыл департаментке 441 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түскен. Өтініштердің қаралу нәтижелері бойынша 10-ы қанағаттандырылса, 337-сіне түсініктеме берілген, 40 өтініштің қаралуы тоқтатылып, 51-і басқа мемлекеттік органдарға жолданған, үшеуі әлі қаралуда. Барлық өтініштер тиісті мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен немесе орындалу мерзімдері сақталмаған немесе қайта түскендері болған жоқ, – дейді Алмат Абылайханұлы. Брифинг барысында департамент басшысы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар