Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жағдай қатаң бақылауда

Жағдай қатаң бақылауда
ашық дереккөз
Жағдай қатаң бақылауда
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының Гродеково ауылына барып, газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, осы жылы 12 желтоқсанда сағат 21:00-дер шамасында Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистральді 325-тік газ құбыры істен шыққан болатын. Соның салдарынан бес елді мекендегі 980 үй газдан ажыратылған. Жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылып, жедел қалпына келтіру шаралары қолға алынған. Оқиға орнында жүрген облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек кеше түнде басталған қалпына келтіру шаралары аяқталып, қайта газ беру жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізді. Ауылдағы 8 әлеуметтік нысан баламалы отын – жанар-жағармаймен жылытылуда. Облыс әкімі жауаптыларға барлық жұмыстар сапалы орындалып, жағдайды қатаң бақылауда ұстау керектігін, тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы ауылдағы мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрып, нысандардың жылыту жүйелерінің қызметін тексерді. Бірқатар тұрғын үйге кіріп, тұрғындардың жағдайымен танысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар