Жаңалықтар
Instagram-ның ресми парақшасы қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады
- author AR-AY
- Бүгін, 17:42
- 1
Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Платформа жазбасында Қазақстанның әсем табиғатына ерекше тоқталған:
“Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)”, — деп жазылған жазба астында.
696 миллионнан астам жазылушысы бар ресми парақшада жарияланған бейнеролик 37,5 миллионнан астам қаралым жинады. Бұл — Қазақстанның ғажайып табиғаты әлем жұртшылығына кеңінен таныстырылғанын білдіреді.
Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер.


