Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОРЫН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕТІСТІГІНІҢ негізі

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОРЫН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕТІСТІГІНІҢ негізі
ашық дереккөз
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОРЫН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕТІСТІГІНІҢ негізі
Еңбек және онымен тікелей байланысты басқа да қатынастарды реттеу қызметкер мен жұмыс берушінің ұжымдық шарт жасасуы, оған өзгеріс енгізуі және толықтыруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт. Ұжымдық шарттың тараптары – жұмыс беруші мен қызметкер. Біздің ойымызша, ұжымдық шарт нақты кәсіпорынның салалық ерекшелігіне, олар жүзеге асыратын қызметтердің ерекшеліктеріне, басқару құрылымына, орналасқан жеріне және тағы да басқа еңбек заңнамасының жалпы нормаларын бейімдеуге бағытталған. Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделерін келісуге мүмкіндік береді, еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алады, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкердің өзара міндеттерін қамтиды. Ұжымдық шарт болмаған жағдайда еңбекақы төлеудің барлық мәселелері жұмыс берушінің актілерімен ресімделеді, ол басшының жекеше шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Ұжымдық шарттың болмауы кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелеріне, ұйым қызметкерлеріне қатысты ұжымдық мүдделерін қорғауды шектейді. Жұмыс берушінің өкілдері барлық еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларды еңбек шарттарын жасасу арқылы шешуге болатынын сылтау етіп, ұжымдық шарт жасасудан жиі бас тартады. Көптеген қызметкерлер, тіптен еңбек ұжымдары еңбек шарты мен ұжымдық шарттың арасындағы құқықтық айырмашылықты сезінбей, осындай шешімді қабылдайды. Әкімшілік еңбек шартын жасасқан кезде, шын мәнінде, нақты қызметкерге қосымша жеңілдіктер мен басымдықтар беруге құқылы. Алайда осындай жеңілдіктер беру туралы басқа қызметкер өтініш берген жағдайда ол қанағаттандырылады деп сенім білдіре алмаймыз: еңбек шарты – жеке құжат және ондағы барлық шарттар дербестендірілген. Жұмыс берушінің басымдылығына келетін болсақ, ол өкілетті органдар қызметкерлерінің қатысуымен еңбек қатынастарына байланысты көптеген мәселелерді шеше алады және шешуі тиіс. Мысалы, ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын дайындау және оларды жасасу жөніндегі келіссөздер, еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөнінде өзара консультациялар, ішкі еңбек тәртібін келісу және тағы басқа проблемаларды бірлесіп шешу нәтижесінде еңбек құқықтық қатынастар тараптарының әлеуметтік әріптестігін тудырады, кейін ол ұжымдық шарт жасасуға ұласады. Ұжымдық шарт жай ғана құжат емес екендігін атап өткен жөн. Бұл қызметкер мен жұмыс берушілердің қыруар бірлескен еңбегінің нәтижесімен қатар, жұмыс берушіге қызметкердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін тиімді түрде реттеуге көмек беретін қаржылық, тәртіптік, ұйымдастырушылық жағынан маңызды құрал болып табылады. Келіссөзге келетін уақыт жетті, әлеуметтік әріптес болып үйрену қажет. Осыған орай жұмыс берушілерді және еңбек ұжымдарын сіздердің ұйымдарыңызда ұжымдық шарттар жасасуға бастама жасауға шақырамыз. Жанмұрат БЕКМҰРЗАЕВ, облыс әкімдігі еңбек инспекциясының мониторинг және құжаттама бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар