Кеңесіп пішкен тон келте болмас
Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы өңірлік кеңестердің қызметін жолға қоюды, жұмысын жүйелеуді, сондай-ақ олардың мәртебесі мен ықпалын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған еді. Осы міндеттер аясында Қазақстан Ассамблеясы жанынан ақсақалдар кеңесі құрылып, іске кірісті.
Жақында Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Ақсақалдар кеңесі – ел бірлігінің кепілі» атауымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Келелі жиынға облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен өкілдері қатысты.
Кеңестің отырысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, модератор Мүбарак Жинақбаеваның кіріспе сөзімен басталды. Мекеме басшысы ақсақалдар кеңесі құрамының жұмысы ауқымды екенін және елдің тыныштығы мен бірлігі жолында аз ғана уақыт ішінде үлкен қызмет атқарғанын айтты.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов кеңестің жылдық атқарған жұмысына тоқталып, есеп берді. Сонымен қатар кеңестің төрағасы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайттарға ерекше тоқталды.
Алқалы топ бұдан өзге бүгінгі күннің бірқатар өзекті мәселесін талқылады. Ақсақалдар алдағы уақытта жастарды адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойына еңбекқорлық пен тағаттылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіру, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу міндеттеріне басымдық бермек.
Маңызды басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов өзара меморандумға қол қойды. Аты бөлек болғанымен атқарар ісі бір кеңестер ел ертеңі дегенде еңселі жұмыстарды атқаруда аянып қалмақ емес.
«Қоғамдық келісім» КММ
«Ақпарат және қоғаммен
байланыс» бөлімі
Келесі мақала
баянды бастама аясында үйлі БОЛДЫМ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024