Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ
ашық дереккөз
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ
Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы жуырда мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мен білім беру сапасын басқару мақсатында «Мектепішілік бақылау жұмысын сапалы ұйымдастыру арқылы оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдары» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізді. Іс-шараға Жамбыл ауданы бойынша «1000 мектеп» жобасына енген Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның, А.Матросов атындағы негізгі мектептің, №2 орта мектептің және №7 орта мектептің директорлары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 84 педагог қызметкер қатысты. Семинар барысында 4 мектептің директоры 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жұмыстық оқу жоспарларын құрастыру, мектепішілік бақылауды жүргізу барысын қадағалау, оқу процесінің сапасын бақылауда анықталған қиындықтарды талқылау бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын көрсетті. Іс-шараға қатысушыларға білім беру үдерісін диагностикалау және талдау жүргізу құзыреттілігін дамыту, білім сапасын арттыру бойынша жоспарды жүзеге асыру механизмін ұсыну, мектепішілік бақылауды жоспарлау және сабақты бақылау, сабақты зерттеу тәсілін меңгеру бойынша ақпараттық-әдістемелік кеңестер берілді. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар