Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОҚУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА 14 АВТОБУС БЕРІЛЕДІ

ОҚУШЫЛАР  ТАСЫМАЛЫНА 14 АВТОБУС  БЕРІЛЕДІ
ашық дереккөз
ОҚУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА 14 АВТОБУС БЕРІЛЕДІ
Үкімет Қаулысына сәйкес, білім ордасы 3 шақырым қашықтықта орналасса, мектеп жасындағы оқушылар үшін күнделікті ақысыз тасымал қамтамасыз етілуге тиіс. 2023-2024 оқу жылында облыс бойынша барлығы 7 946 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалдануда. Облыс әкімдігі білім басқарма­сының басшысы Мейірхан Өмірбектің айтуынша, мектеп оқу­шы­ларын тасымалдайтын 117 автобустың алтауы, яғни бес пайызы 1993-1999 жылдары, елуі 2000-2010 жылдары, елу бірі 2011-2020 жылдар аралығында шыққан. Автобустардың отызы білім бөлімінің, 21-і мектептің, 66-сы кәсіпкерлердің меншігінде. – 2023-2024 оқу жылы респуб­ликалық бюджет есебінен 842 миллион теңгеге балаларды тасы­малдау үшін жаңа 14 автобусты лизингпен сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен тиісті келісімшарттар жасалып, жылдың соңына дейін автобустар Тараз қаласына жеткізіледі деп күтілуде, – деді Мейірхан Азатұлы. Басқарма басшысының сөзінше, адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына облысымызда айрықша назар аударылып келеді. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Aitas» компаниясының қолдауымен «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоры есебінен «Ауылдық жерлердегі тірек мек­теп­терінің әлеуетін арттыру» қайырым­дылық жобасы жүзеге асы­рылуда. Жоба аясында облыста 2022 жылы 250 миллион теңгеге Сарысу ауданындағы Б.Адамбаев атындағы орта мектептің 35 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 116 педагог Назарбаев зияткерлік мектептері арқылы оқыту курстарынан өтті. – 2023 жылы жоба аясында 500 миллион теңгеге Жуалы ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі, Мойынқұм ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің 53 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 161 педагог оқыту курстарынан өтуде. Келесі жылы жоба аясында облыстың 8 мектебін қайта жабдықтау жоспарлануда. Сонымен қатар «Қазақстан хал­қына» қоғамдық қорының, «Инженерлік білім беруді дамыту» қорының және «Арман Инжиниринг» серіктестігінің қолдауымен «Болашақ инженерлер-1» жобасы да іске асырылып жатыр. Жоба аясында облыс бойын­ша 66,3 миллион теңгеге 13 робото­техника кабинеті жабдық­талды. Сонымен қатар бағ­дар­ла­малау және робототехника негіздері бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді, – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ жыл соңына дейін «Болашақ инженерлер-2» жобасы аясында Қаратау, Жаңатас қала­ларына 42 миллион теңгеге 7 робото­техника кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар