Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі

Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі
ашық дереккөз
Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өз өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өрендерді елін, жерін сүюгеүндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Мұндай рухани үндеу де өз нәтижесін беріп, бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 32 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сол себепті де, мемлекет тарапынан патриоттықты дамыту бағытында өткізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар қалай атқарылып жатыр деген сұрақ ойға оралады. Оның үстіне, бір жағынан сананы тұрмыс билеп, екінші жағынан жаһандық сапырылыс үстемдік құрған заманда өскелең ұрпақ патриотизмді қалай түсінеді? Ал патриотизмнің белгісіне айналған қазақ тілінің жағдайы қалай? Сұрағымызға жауап табу үшін Түркістан облысына аттандық.

Жуырда «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» тақырыбында этносарлықты сақтауға бағытталған кездесу ұйымдастырылды. Алғашқы жиын Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, студенттер, өзге ұлт өкілдері жиналды.

Алғашқы спикер А.Булатқызы этнос өкілдерінің Қазақстан үшін маңызы туралы айтты.

Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселе – ұлтаралық қайшылықтар шешімінің дұрыс әдістері мен тәсілдерін, түрлерін білу қажет. Пікірлер бірлігі мен гуманизм идеясы, жалпы ұлттық мүдде, өзара тиімді шешімді іздеу, трайбализмді, шовенизмді, ұлтшылдықты, космополитизмді жеңу ең бірінші орында болу қажет. Сонда ғана осы жол арқылы қауіп-қатерден сақтанып, өзге ел халықтарымен Қазақстан халықтары арасында ұлтаралық дұрыс қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, әрі қарай дамиды.Бірлік, татулық исі қазақтың қанында бар қасиет екенін бүгінде әлем мойындап отыр. Бұл ұғымдар Ұлы даланың ұстанымы болып қала бермек. Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінде негізгі орында. Қазақ тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Ал ХХІ ғасырда жаһандану дәуірінде Қазақстан «Мәңгілік Ел» болып сақталып, әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарында болу. Бұл — ұлы мақсат, – деді А. Булатқызы.

Спикердің сөзін ұйып отырған жиын қатысушылары да патриотизм жайлы терең ойларымен бөлісті. «Қазақстан – біздің Отанымыз», «Еліміздің тұрғыны ретінде бәріміз бірдей мемлекеттік тілді білу керекпіз», «Қарабұлақ ауылында 90 пайыз өзге этнос өкілдері тұрады, бірақ барлығы қазақ тілінде сөйлейді», «Біз ауылымызды жақсы көреміз, әрбірімен мақтанамыз» деді ауыл тұрғындары. Екінші спикер Назым Қожамарова де ауыл тұрғындарының сөзін жалғастырып, елімізге белгілі жазушы Шерхан Мұртаза жайлы айтып берді. Ол  «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін» деп, Шерағаның өмір өрнегінен сыр шертіп, патриотизмнің үздік үлгісін суреттеді.

Жиын барысында еліміздегі ең үлкен ауылдың тыныс-тіршілігімен қарабұлақтықтар таныстырды. Бірі еліміздің экономикасына септігін тигізер кәсіппен айналысса, бірі ауыл шаруашылығымен айналысады екен. Ауыл шаруашылығына қажетті мамандар Қарабұлақта даярланады, темірден түйін түйетін шеберлер де аз емес. Ауыл азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасызететін жағдайда, яғни 1 657 шаруа қожалығы, 5 ЖШС, 4 өндірістік кооператив, 3 СТК және 5 өңдеу цехы бар. Ауыл бойынша 438 кәсіпкерлік нысанда ауыл тұрғындары қызмет етеді.Қариялар да ауылды көркейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жеткілікті екенін жеткізді.

– Бұл ауылдың халқын толықтай дерлікэтностық өзбек халқы құрайды. Әрбiр ауыл тұрғыны өз ауылын атақонысым, кiндiк қаным тамған қасиетті туған далам, мәңгiлiк құтты да киелі мекенiм деп қанына да, санасына да ана сүтiмен сiңiрген. Жастар да қариялар да қайда барса да, туған жерлері туралы мақтанышпен айтады. Күні кеше «Қазақ радиосында» осы ауылдан шыққан баламыз ауылдың жай-күйін әңгімеледі, жаңалықтарымен бөлісті. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Тіл мәселесіне келсек, мұнда барлығы қазақша сөйлейді. Тіліміз таза, мемлекеттік тілді құрметтейміз. Этнос өкілдерімен де тұрақты жұмыс істейміз, – деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны.

Расында, патриотизм – ол адам баласының туған жерге адалдығының, сүйіспеншілігінің, риясыз махаббатының белгісі, ұлтшылдыққа, рушылдыққа, жершілдікке, жікшілдікке ұласпаған, парасатты ойынан туатын асыл қасиеті, оның қоғамға қарым-қатынасын білдіретін ішкі қағидасы. Патриотизм - адам баласының Отанына, туған тіліне, дініне, салт-дәстүріне деген махаббатының еліне деген құрметімен бітіскен жері. Шын патриот елінің дамуы үшін теңізге тамған тамшыдай болсын әрекет етеді. Еркін форматта өткен кездесу жылы лебіздермен, сұрақ-жауаппен қорытындыланды. Ауыл тұрғындары да өз елінің патриоттары екендігін жеткізді, сездірді.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар